Елордалық түрмедегі сотталғандармен «Ақниет» ҚҚ-ның теологмен кездесу өтті

Теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастырудың бірден бір мақсаты қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде терроризм,  діни экстремизмді, деструктивті діни ағымдарды идеологиясын ұстанушы сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту болып табылады. Бейімдеушілердін қатарына террористік, діни экстремистик қылмыс жасағаны үшін, жазаға тартылғандар жатады және де мекемеде жазасын өтеу барысында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына бой ұсынғандығы анықталған сотталғандар.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, ЕЦ-166/5 мекемесінде, деструктивті діни ағымдардың идеологиясын ұстанушы сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту үшін, «Ақниет» қоғамдық қорының теолог маманымен жекеше түрде сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында тарихи тақырыптарды, әлеуметтану, саясаттану және мәдениеттану бағыттары бойынша әңгіме-сұхбаттар жүргізілді.

Сотталғандар арасында идиологиялық профилактикалық жұмыстар келесі мамандарды жұмылдыру арқылы жасалады, теологтар, ресми дін өкілдері, психологтар, жақын туыстары, радикалды көзқарастан айырылған сотталғандар және оң ықпал етуге қабілетті өзге де адамдар арқылы жүргізіледі.

Бұндай профилактикалық іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу қажет. Терроризммен күресіп ғана қоймай оның алдың алғанда жөн, сонымен бірге адамдарға діни білімнің қарапайым жолдарын жеткізу  керек екендігін естен шығармауымыз керек.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...