12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елордалық тергеу изоляторында Пасха мейрамы өтті

Тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастамасы бойынша мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандарына 2022 жылдың 5 мамырында Ұлы православиялық пасха мейрамына арналған іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға дін қызметкерлері мен дінді зерттеу орталығының өкілдері шақырылды. Нақтырақ айтсақ мекемеге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Дін істер жөніндегі басқармасының өкілі А.Нұрахметұлы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Діндерді зерттеу орталығынан О.В.Синеков мырза сондай-ақ орыс Православия Саровский Серафим Шіркеуінің өкілі, отец Иосаф келді. Кездесу барысында сотталғандар, Діни қызметкерлердіге Пасха мерекесі, Қасиетті Троица туралы бір қатар сұрақтар қойып өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды сонымен қоса Діни қызметкерлердін тарапынан жоғарыда көрсетілген мерекелер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түрмедегі адамдар үшін қолдау сөздерін есту, дұға етуді сұрау өте манызды. Іс-шара сонында Орыс православие Шіркеуі берген пасха тоқаштарымен дастархан жайылды. Атқарылған іс-шара үшін, теологиялық оналту жұмыстары тобының қызметкерлеріне, сотталғандар шың жүректен алғыстарың білдірді.

Биылғы жылы мұсылмандар мен православтардың ораза пасха мейрамдары уақыт кезеңіне тұспа тұс келуі қуантарлық жағдай болды. Бұл – Қазақстан аспаны астында түрлі ұлт пен конфессия өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанының жарқын көрінісі.

Сотталғандар өз тараптарынан келген қонақтарға және орыс Православия Саровский Серафим Шіркеуінің өкілі Иоасофмырзаға, дұға жасап жақсы тілектерін білдіргені үшін ерекше алғыстарын айтып,өздерінің жүректерінде бірден жеңілірек сезінгендерімен бөлісіп жатты.

Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының бірден бір жолы, ол рухани тұрғыдағы жұмыстардан тұрады, өйткені өз қылмысын сезіну, өкіну  ол адамның түзеу жолына түсудегі алғашқы қадам.

Атқарылып жатқан жұмыстарға қарап, мекемедегі теологиялық топ инспекторлары бұл бағытта жоғары кәсіби деңгейде жұмысатқарылыпжатқаның көруге болады деді, мекеме басшысы әділет подполковнигі А.К.Мухин.

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...

В Алматинской области во время переброса в колонию задержан мужчина

Сотрудники УИС Алматинской области предотвратили факт переброса запрещенных предметов...