12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Гендерлік саясат қазақ үшін таңсық емес

Жаһандану үдерісінен қалмас үшін әлемде шыққан жаңалықтарға құлақ түріп, керегін қажетімізге жаратып келеміз. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, батыстан келген дүниенің барлығын жаңалық деп санай берудің қажеті жоқ.
Соңғы уақытта көшпенділер мәдениетіне тықпалағысы келетін гендерлік саясат деген ұғым пайда болды. Негізгі мақсаты – қоғамдағы ер мен әйелдің рөлін теңестіру, әйелдерді кез-келген салада қызмет етуін қамтамасыз ету. Оның арғы жағында тұрмыстық зорлық-зомбылықты тыю үшін қажетті саясат деп ұғынатын болсақ, оның да өз қажеттілігі бар. Бірақ, гендерлік саясаттың қазақ қоғамында бұрыннан болғанын, оның қазақ мәдениетімен, салт-дәстүрімен ерекшеленетінін тарих дәлелдеп береді.
Ержүрек түркілік, нәзік шығыстық, тұнық исламдық мәдениет ұштасқан тұран даласында қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретінде көрсете білді.

Тарихта ат үстінен түспеген Тұмар ханшайым мен қызы Заринаның ел билегені, орта ғасырда Шыңғыс ханның немересі, халықты басқарған Болған ана, елдің жүгін көтерген Домалақ ана, Дарабоз ана, әулие атанағн Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар дүйім жұрттың піріне айналғаны айтылып та, жазылып та жүр.
Орыс отаршылдарына қарсы күрескен Сапура Мәтенқызы (Көктемір), Кенесары ханның қарындасы Бопай ханша; азамат соғысындағы Айқыз; Ұлы Отан соғысындағы Мәншүк, Әлия, Үштап; Желтоқсан көтерілісінде жалындаған қазақ қыздары ерлермен қатар жау шебіне сескенбей кіріп, ерлік жасаған.

Өнер саласында күйші Дина, биші Шара, әнші Роза және кейінгі буын өнерпаздарын қазақ халқы алақанында аялаған, ел алдына шықпайсың деп тыйым салмаған.
Ерлермен иық тіресе еңбек еткен әйелдер қауымы өте көп. Оларға әйелсіңдеп кемсітпей, «Еңбек ерлері» деген атақ берді. Оның ішінде сыр өңірінен шыққан Сәлима Жұмабекқызы дәлел.

Соңғы жиырма жылдықта көп баланы өмірге әкелген батыр аналарымызға алтыннан да күмістен де төсбелгі тағылды. Кеңестік кезеңде де қазақ арулары депутат та, төрайым да, түрлі деңгейдегі басқарушы да болды. Сот саласында да мамандар, судьялар, төрағалар да бұрында болған, қазіргі таңда да елге даудың төрелігін айтып, қазылық етіп жүр. Демек, қазақ қоғамына гендерлік саясаттың кеше ғана келмегенін, бұрыннан бар екендігін аңғаруға болады. Бірақ, қазақ әйелдері қай салада жүрсе де, қандай дәреже жетсе де ұлттық болмыстан ажырамаған, дарақылықтан ада болып, ер азаматтардың алдына түспеген. Тиісінше қазақ қыздары әрқашан төрден орын алып, уақыттың қай кезеңі болса да құрметтелген.

Керісінше, бізде өркениет дамып тұрған тұста, батыс елдерінде әйел затын қорлағанын, қыз баласы өмірге келсе әкесінің абыройдан айырылғанын, тіпті орта ғасырда әйел адамды өртеп жібергенін де тарих беттерінен оқыдық. Яғни әйел адамның қоғамдағы орнын нықтап қойған қазақ халқы үшін гендерлік саясат жаңалық емес.

Азат Әбдіразақов

Қызылорда облыстық сотының

ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...