Пробация ережесіне бағынбай

Қызылорда қалалық пробация қызметіндегі пробациялық бақылаудағы Қ. есімді азаматтың жаза мерзімі сот қаулысымен 2 айға ұзартылды. Оған сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2 тармағымен 5 жылға бас бостандығыан айыру жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 63-бабымен тағайындалған жазаны шартты деп санап, бес жылға пробациялық бақылау белгіленген. Алайда, бұл азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты жерін ауыстырып, жаза өтеу талаптарын бұзған.
Пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Н.Баймурзаев аталған азаматтың іс-құжаттарын жинақтап, Қызылорда қалалық №2 сотына ұсыным жолдаған. Сот қаулысымен пробациялық бақылаудағы азаматтың пробациялық бақылау мерзімі екі айға ұзартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...