Қазақстандықтарға бір айда 1,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілген

Елімізде 2022 жылғы наурызда 1,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді. Бұл өткен ақпан айына қарағанда 5,5%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, экономикаға кредиттер 2022 жылғы наурызда 0,6%-ға ұлғайып, 19,2 трлн теңгені құрады.

2022 жылғы наурызда жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,2%-ға 11,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,2%-ға 8,1 трлн теңгеге дейін төмендеген «2022 жылғы наурызда ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 1,7%-ға 17,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер көлемі, негізінен, теңгенің айырбастау бағамының 5,7%-ға(бір доллар үшін 495,0 теңгеден 467,0 теңгеге дейін) нығаюы нәтижесінде 8%-ға 1,9 трлн теңгеге дейін төмендеді. 2022 жылғы 1 наурызда теңгемен кредиттердің үлес салмағы 90,3%-ды құрады. 2022 жылғы наурызда 1,9 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы ақпанға қарағанда 5,5%-ға көп», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар наурыз айының қорытындысы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредит портфелінің жалпы көлемінің 3,6%-н құрады (2022 жылдың басында – 3,3%).

Шағын және орта бизнесті есепке алғанда заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 4,3%-ды құрады (2022 жылғы қаңтарда – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,7% (2022 жылғы қаңтарда – 3,7%). 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 74,9%-ды құрады.

 Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік...

Француз филологиясы: халықаралық білімге бастар жол

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде 2026-2027 жаңа оқу жылында...

Своевременное и востребованное издание

РАЗВИТИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ОБУСЛОВИЛО ПОТРЕБНОСТЬ НЕ...

Брачный договор – до сих пор звучит непривычно 

НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО БРАЧНЫЙ ДОГОВОР СУЩЕСТВУЕТ В КАЗАХСТАНСКОМ...

Новые правила пропускного режима в судах

Совместным приказом Руководителя Судебной администрации РК №5 от 30...