Алматы – жүрегіміздің төріндегі қала

Қала күніне орай №196 жалпы білім беретін мектепте мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.  Алматы–асқақ Алатаудың баурайында орналасқан, тарихы терең, табиғаты көркем, мәдениеті мен руханияты өркендеген әсем қала. Мыңдаған адамның арманын тоғыстырған сүйікті шахарымыздың әрбір көшесі мен көрікті жерінің өзіндік тарихы бар. Туған қаламыздың тарихын танып, табиғатын тамашалап, мәдени мұрасын құрметтеу – өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды құндылықтардың бірі.

Осы мақсатта №196 жалпы білім беретін мектепте «Алматы – әсем қала» атты мерекелік іс-шаралар топтамасы қыркүйектің  16 мен 18-і күні аралығында ұйымдастырылып, оқушылар туған қалаға деген сүйіспеншілігін білімімен, шығармашылықпен, өнермен және спортпен ұштастырды. Қала күні – Алматының өткені мен бүгінін дәріптеп, туған қаламызға деген сүйіспеншілігімізді білдіретін ерекше мереке.

Осы айтулы күнге орай мектебіміздегі мерекелік бағдарлама аясында қыркүйектің 16-шы жұлдызында оқушылар «Менің сүйікті қалам – Алматы» атты сурет байқауына белсене қатысты. Аталған байқау оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен эстетикалық талғамды қалыптастыру, сондай-ақ жас дарынды анықтау және қолдау мақсатында мектепшілік сурет байқауы өткізілді. Байқауға мектеп бойынша бір мен тоғызыншы сынып аралығындағы оқушылар, жалпы саны 62 оқушы белсене қатысты.  Балалар өз шығармаларында Алматының көрікті жерлерін, асқақ Алатауды, жасыл желекті саябақтарды, әсем ғимараттар мен қаланың символына айналған алманы бейнеледі. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылып, олардың туған қалаға деген ыстық ықыласын танытты.

Сонымен қатар  «Алтын күз және алма»  атты көрме қыркүйектің  16-шы жұлдызында ұйымдастырылып, осы көрмеге 1 мен 6 сынып аралығындағы оқушылар, барлығы 38 оқушы белсене қатысты. 

Осы көрменің негізгі мақсаты оқушылардың қолөнер шеберлігі мен шығармашылық қиялын дамыту, туған қаламыз Алматының символы — алма мен күзгі табиғат сұлулығын қолданбалы өнер арқылы дәріптеу және эстетикалық талғамды қалыптастыру. Аталған мектептегі көрме байқауында оқушылардың қолынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдары, күзгі жемістер мен Алматылық апорт алмасына арналған өз қолдарынан жасаған ерекше бұйымдары ұсынылды. Бұл көрме күздің ерекше көркін және Алматының алмаға байланысты тарихи-мәдени ерекшелігін айшықтай түсті.

Жоғары сынып оқушылары үшін Алматының тарихы, мәдениеті, географиясы және көрнекті тұлғалары туралы білімдерін сынайтын  «Эрудит» интеллектуалдық ойыны қыркүйектің 17 -ші жұлдызында өткізілді. Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, эрудициясын, есте сақтау қабілетін дамыту және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Байқау барысында қатысушыларға тарих, мәдениет, география салаларындағы білімдерін, сондай-ақ Алматы қаласының көрнекті тұлғалары туралы мәліметтерді тексеруге бағытталған тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылды. Байқау ойын және жарыс түрінде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында жағымды әрі қызықты атмосфера қалыптастырды.

Оқушылар белсенділік, қызығушылық және жеңіске деген ұмтылыс танытты. Тапсырмаларды орындау барысында олар өз білімдерін, тапқырлықтарын, жылдам ойлау қабілеттерін және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білетіндіктерін көрсетті.

Алматы қаласының тарихы мен мәдениетіне, көрікті жерлеріне, географиялық ерекшеліктеріне және қаланың әрі еліміздің дамуына үлес қосқан танымал тұлғаларға қатысты сұрақтар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Мерекелік шаралардың тәрбиелік мәні де ерекше болды. «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі»  тақырыптарында 4 «Б» сыныбында  танымдық сабақ өткізіліп, оқушылар қаланың тарихы мен мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды.

Оқушыларға Алматы қаласының тарихы, мәдениеті және тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны туралы түсіндіріп, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталды. Оқушылар тарихи-мәдени нысандарды танып, өз ойын еркін жеткізуге талпынды.

Сабақтың мақсаты Алматының Қазақстан тарихындағы маңызын түсіндіру, Алматы қаласының көрікті және тарихи орындарын атау, Туған өлке туралы білімдерін толықтыру.

Қала күніне арналған іс-шаралар – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып ғана қоймай, туған жерді қадірлеуге, оның тарихын білуге және болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтін маңызды іс- шаралардың бірі болды.

Қыркүйек айының 18-і күні мектебіміздің  1, 3 және 10-сынып оқушылары Алматы қаласының көрікті орындарының бірі – Ботаникалық баққа танымдық экскурсияға барды.

Экскурсияның басты мақсаты – оқушыларға табиғаттың әсемдігін таныту, өсімдіктер әлемі туралы білімдерін кеңейту, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және туған қаламыздың көрікті жерлерін танып-білуге деген қызығушылығын арттыру, оқу- тәрбие үрдістерін тәжірбиелік жұмыстармен байланысыстыру болды.  Сонымен қатар табиғат аясында уақыт өткізу арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын, мәдениетін  қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру көзделді. Сабақтың мақсаты Алматының Қазақстан тарихындағы маңызын түсіндіру, Алматы қаласының көрікті және тарихи орындарын атау, Туған өлке туралы білімдерін толықтыру.

Ботаникалық баққа келген оқушыларды ерекше табиғат көрінісі бірден баурап алды. Жасыл желекке бөленген кең аумақ, сан алуан ағаштар мен өсімдіктер, таза ауа мен күздің ерекше көрінісі балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар табиғатты тамашалап қана қоймай, өсімдіктердің алуан түрлілігіне қызығушылық танытып, көптеген жаңа мәліметтер алды. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін бұл саяхат ерекше әсерлі болды. Олар табиғаттың әрбір бөлшегіне қызыға қарап, әсем гүлдер мен биік ағаштарды тамашалап, бір-бірімен алған әсерлерін бөлісті. Көптеген оқушылар үшін Ботаникалық баққа саяхат табиғатты жақынырақ танып, оны қорғаудың маңызын түсінуге мүмкіндік берген есте қаларлық күн болды.

Осындай танымдық саяхаттар оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыруға, табиғатты көзбен көріп, оны бағалауға мүмкіндік береді. Ботаникалық бақтағы бұл экскурсия оқушылар үшін жай ғана серуен емес, табиғатты тануға, туған қаланы сүюге және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелейтін тағылымды саяхат болды.

Алматы – тарихы терең, мәдени мұрасы бай, әрбір көшесі мен ғимаратында өткеннің ізі сақталған ерекше қала. Туған қаланың тарихын білу – оның бүгінін түсініп, болашағына деген жауапкершілікті сезінудің маңызды қадамы.

Алматы күніне орай қыркүйектің 18-і  күні  мектебіміздің 8–9 сынып оқушылары Алматы музейіне танымдық экскурсияға барды. Бұл саяхаттың басты мақсаты – оқушыларға Алматы қаласының өткені мен бүгіні туралы тереңірек мағұлмат беру, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін Музейге келген оқушылар Алматының қалыптасу тарихы, қаланың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі, тарихи кезеңдері және қала өмірінде өзіндік із қалдырған тұлғалар туралы құнды мәліметтермен танысты. Музей экспозицияларындағы тарихи жәдігерлер мен көрнекі материалдар оқушылардың қызығушылығын оятып, сабақта алған білімдерін жаңа деректермен толықтыруға мүмкіндік берді.

           Экскурсия барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тарихи деректерге ерекше назар аударды. Көптеген оқушылар үшін музейдегі әрбір жәдігер Алматының тарихын көзбен көріп, оны тереңірек сезінуге мүмкіндік берген ерекше әсер қалдырды.

Экскурсия барысында оқушылар туған қаланың тарихы тек кітап беттерінде ғана емес, музейде сақталған құнды жәдігерлер арқылы да бізге жетіп отырғанын түсінді. Мұндай танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық және қалалық мәдени мұраға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.

Алматы музейіне жасалған бұл экскурсия оқушылар үшін білім мен әсер тоғысқан, тарихқа деген қызығушылықты арттырған тағылымды саяхат болды. Туған қаланың тарихын таныған сайын оқушылар Алматының өткенімен мақтанып, оның бүгінгі көркі мен болашағына деген жауапкершілікті тереңірек сезінді.

Алматы – тарихы тағылымға, мәдениеті қазынаға, әр күні жаңа сырға толы қала. Оның тарихын білу – туған жерді танудың бастауы.Туған қаламыздың тарихын танып, оны құрметтеу – әр ұрпақтың парызы!

Қала күніне арналған мерекелік шараларымыз  таңғы жаттығу челленджімен жалғасын тапты. Мектеп оқушылары таңғы уақытты көңілді әрі пайдалы қимыл-қозғалыспен бастап, белсенді өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, күнді көтеріңкі көңіл күймен бастауға дағдыландыру және мектеп оқушылары арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар бұл бастама оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуді көздеді. 

Таңғы жаттығу барысында оқушылар әуезді әуен ырғағымен түрлі дене қимылдарын орындап, жаттығуларды белсенді түрде қайталады. Қарапайым әрі көңілді қозғалыстар балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, жаңа күнді сергек бастауына ықпал етті.

IMG_256Таңғы жаттығу челленджі оқушыларға спорттың адам өміріндегі маңызын сезінуге мүмкіндік берді. Бірге орындалған жаттығулар балалардың белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың арасында жағымды қарым-қатынас пен көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды. Осындай пайдалы бастамалар мектеп өміріне серпін беріп, оқушыларды  қозғалысқа, белсенділікке және салауатты өмір салтына  баулиды. Ал Қала күні сияқты айтулы мерекемен ұштастырылған таңғы жаттығу челленджі мерекелік шараларға ерекше сән қосып, оқушылардың туған Алматыға деген сүйіспеншілігін жақсы көңіл күймен жалғастырды.

 «Алматы – әсем қала» атты  мерекелік іс-шаралар аясында мектебімізде оқушылардың туған қалаға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған түрлі танымдық, шығармашылық және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар сурет байқауына, көрмелерге, таңғы жаттығу челленджіне қатысып, Алматы музейі мен Ботаникалық баққа саяхат жасап, туған қаланың тарихы мен табиғатын тереңірек таныды.

Барлық іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұйымшылдыққа, белсенділікке және туған жерін қадірлеуге тәрбиеледі.

Алматы – тарихы терең, табиғаты көркем, болашағы жарқын әсем қала. Туған қаламыз әрдайым гүлденіп, көркейе берсін! Әсем табиғаты мен көрікті мекендерімен ерекшеленетін Алматы – біздің мақтанышымыз. Туған қаламыздың әрбір табиғи байлығын бағалап, оны болашақ ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қала күні – ортақ мереке, ортақ мақтаныш. Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мектептен тыс қалалық мәдени-танымдық, шығармашылық және зияткерлік іс-шараларға мектебіміздің оқушылары мен педагогтері белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Түрлі байқаулар мен сайыстарда өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін танытқан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Сонымен қатар, оқушыларды сапалы дайындап, олардың жетістікке жетуіне бағыт-бағдар берген ұстаздар да Алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.

Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылған мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақтан Алматы қаласының ашық біріншілігінде мектебіміздің оқушылары да бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды.

Ұлттық зияткерлік ойынды дәріптейтін бұл жарыста оқушыларымыз өздерінің логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдығын, сабырлылығы мен стратегиялық шешім қабылдау шеберлігін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

 6 «Д» сынып оқушысы Қызайбай Айша – II орын;

 10 «Ә» сынып оқушысы Сырым Іңкәр – III орын иеленді.

Жас спортшыларды жарысқа дайындап, бағыт-бағдар берген жетекшісі Дәни Нұрманбеткеалғысымызды білдіреміз.

Оқушыларымыздың бұл жетістігі – олардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар тоғызқұмалақ сияқты ұлттық зияткерлік ойындарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Жеңіс – үлкен еңбектің жемісі. Жас зияткерлерімізді жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Ұлттық ойын – ұлт мұрасы, ал оны дәріптейтін жас ұрпақ – ел болашағы!

Сонымен қатар, Алматы қаласы жалпы орта білім беру ұйымдарының  1-9 сынып оқушылары арасында «Алматы — мәдениет пен өнер орталығы » атты макет байқауы Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқау мақсаты: оқушылардың шығармашылық қаблеттерін қолдау,  Алматы қаласының тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды. Аталған байқауда 4 сынып оқушысы Оразбек Мансұр II орынмен марапаталды. Жетекшісі: Тургельбаева  А.  9 сынып оқушысы Камал Айару III орын иеленді. Жетекшісі: Түсжанова Г. 

         Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қала күніне арналған іс-шаралар аясында  өткізілген Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы  барысында өткен   «Цифрлық дәуірдегі жыр» атты оқушылар арасындағы қалалық жас ақындар сайысы өткізілді. Мүшәйраның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, ақындық өнерге деген қызығушылығын арттыру, ана тілінің көркемдігін дәріптеу, оқушылардың әдеби талғамын қалыптастыру және заманауи дәуірдегі ой-өрісін өлең арқылы жеткізуіне мүмкіндік беру. Сонымен қатар жас ақындарды қолдап, олардың шығармашылық ізденісіне жол ашу көзделді.

Оқушылар арасындағы қалалық жас ақындар мүшәйрасына мектебіміздің оқушысы Ноғай Сезім сөз өнеріне деген шеберлігін көрсетіп, марапатталды. . Ноғай Сезім өзінің шығармашылық қабілетін көрсетіп, сөз құдіретін, поэзияға деген сүйіспеншілігіне арқау болған Долбаева Ж.А.  жетекшісіне алғысымызды білдіреміз. 

Жоғарыда аталған  13-15  жас арасындағы  ақындар мүшәйрасына қатысып, сөз өнерінің шеберлігін танытқаны үшін III дәрежелі дипломмен  мектебіміздің  оқушысы  Алсеит Дана марапатталды. Жетекшісі: Аманжолова Рысгүл.  

«Алматы — әсем қала» атты қалалық эссе байқауының аудандық кезеңі бойынша  8 сынып оқушылары арасында  III орын жүлдегері Зелемханов Руслан марапатталды.

«Алматы — әсем қала» атты қалалық эссе байқауының аудандық кезеңі бойынша  7 сынып оқушылары арасында  II орын жүлдегері Худакулиева Асиям марапатталды.

«Алматы — әсем қала» атты қалалық эссе байқауының аудандық кезеңі бойынша  6 сынып оқушылары арасында  III орын жүлдегері Жұматұрсын  Мәруа марапатталды.

«Алматы — әсем қала» атты қалалық эссе байқауының аудандық кезеңі бойынша  5 сынып оқушылары арасында  II орын жүлдегері Қалдыбек Данель марапатталды.

Алматы -әсем қала қалалық шығармашылық суреттер байқауы бойынша  мектебіміздің 9 сынып оқушысы Ануарбекова Айару II орын, 10 сынып оқушысы Маликова Ясмина  II орын, 11 сынып оқушысы Тасқул Әдина II орын  иеленді. 

Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Орта білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында өткізілген   «Арман қала Алматы» атты қала күніне арналған   қалалық ән байқауының II орын жүлдегері Жеңіс Ажар марапатталды.

Алатау ауданы мемлекеттік білім беру мекемелері қызметкерлері арасында өткізілген Спартакиадасында Асық атудан  Рахманқұл  Баубек  IIорын иеленді.

Бұл жетістіктер – білім алушылардың талпынысы мен еңбегінің, сондай-ақ педагогтердің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осындай табыстар шәкірттерімізді жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіріп, мектебіміздің мерейін үстем ете беретініне сенім мол.  Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Алматы – көркемдігімен көңілге қуаныш, табиғатымен жүрекке жылу сыйлайтын әсем қала! Алматы – біздің ортақ үйіміз, мақтанышымыз және жүрегімізге жақын мекен. Оның көркеюі мен болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Туған қаламыз Алматы әрдайым гүлденіп, көркейе берсін!

Мерекеңмен, сүйікті Алматы!

Қасымбекова Гүлназ Бақтыбайқызы, Алматы қаласы Алатау ауданы № 196 ЖББМ ағылшын тілі пән мұғалімі.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...