12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қорғаныс министрі әскери қызметшілерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен Жеңіс күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінде салтанатты жиналыс өтті. Қорғаныс министрі әскери азаматтарды Қарулы күштердің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан армиясындағы Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру, әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті. Бұл барлық жеке құрамның қызметін бағалау және ол бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, — деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қорғаныс министрі қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы даңқты дәстүрлерінің әскери қызметшілер үшін маңыздылығын атап өтті.

— Отан қорғаушылар күнінің күнтізбеде Ұлы Жеңіс мерекесімен қатар келуінің символдық мәні бар. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат санасында өркениет тарихындағы ең қайғылы беттердің бірі ретінде өшпес із қалдырды. Дәл сол соғыста Қазақстан халқы барлық қиыншылықтарға қарамастан ерліктің тамаша үлгісін көрсетті», — деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар, ордендер мен медальдар тапсырды.

Қарулы күштер ардагерлерінің Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуындағы рөлі ерекше атап өтілді.

Ел Президентінің Құрмет грамоталарымен Халық Қаһарманы, отставкадағы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Халық Қаһарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, отставкадағы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтар марапатталды.

«Қазақстанда 7 мамырда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Бұл күні 1992 жылы Ел Президенті Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. 2013 жылдан бастап бұл күн мемлекеттік мереке ретінде аталып өтеді,-делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...