12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Есберген АЛАУХАНОВ, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы: «Конституциялық сот 100 пайыз қазақша сөйлеуі керек»

 Есберген Оразұлы, адам құқықтарын қорғау саласындағы конституциялық өзгерістер мен толықтыруларға қатысты заң жобасына байланысты пікіріңіз қандай?

– Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мәлімдеуі бойынша, қазір көптеген өзгеріс пен толықтыру ұсынып жатыр. Соның жобасы жарияланды. Күні кеше Президент ел Конституциясына өзгерістер енгізу жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – көпшілік асыға күткен, елдің болашағы үшін таңдыршешті қадам. Конституциялық реформаға қатысты референдум бұл – президенттік саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі. Бұл қадам суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түбегейлі көшуді, бірқатар биліктік өкілеттіктерді қайта бөлуді, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы конституциялық тетіктерді күшейтуді көздейді. Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдау арқылы елмен бірге екенін, халықтың үнін, ұсынысын басты назарында ұстайтынын көрсетті.

– Қазір  Конституциялық Сот қайта құрылып жатыр ғой?

– Енді азаматтардың арыз-шағымы мен Қазақстан халқының мұң-мұқтажы, заңға қайшы келетін мәселелердің бәрі республиканың Бас прокуроры немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкілі арқылы Конституциялық Сотқа жолданады. Яғни Конституциялық Соттың жұмысы көбейейін деп отыр. Сондықтан оның аппараты мықты болу керек. Көмекшілері, кеңесшілері болуы қажет әрбір Конституциялық Сот судьясының. Өйткені бұрынғы Жоғарғы Сотқа баратын арыз-шағымдардың бәрі енді осы Конституциялық Сотқа бағытталады.  Әрбір қағазға дұрыстап сауатты жауап беру үшін білгір, өмірлік тәжірибесі бар, практик ғалым-заңгерлерді Конституцялық Соттың құрамына судья қылып алған дұрыс деп ойлаймын. Әрине бәрі бірдей практик болмайды. Оған ғалымдарды да араластыру керек. Сонда кемелденген Конституциялық Соттың құрамы күшті болады деген ойдамын.

– Конституциялық Сот халықтың үмітін ақтай ала ма? Бізде қоғам тарапынан заңдар орыс тілінде ғана жазылады деген сын жиі айтылады ғой?

– Дұрыс айтасыз. Егеменді ел болғаннан кейін Конституциялық Сот судьяларының бәрі 100 пайыз таза  қазақ тілінде сөйлейтін адамдар болу  керек. Бұрын Конституциялық Кеңесте ондай мүмкіншілік жоқ еді. Тек арнайы мәлімдеме жасалғанда ғана қарап, жауап беретін. Ал Констициялық Соттың шеңбері өте үлкен. Кең түрде, толығынан кеңес беріп, шешім шығара алады. Көрдіңіз бе, оның айырмашылығын. Бұл әлемдік практикада болып жатқан жағдайлар.

– Бізде бұл бағытта тәжірибе болды ма?

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 1993 жылғы Конституция бойынша Конституциялық Сот құрылды. 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғанда оны жойып жіберді де, оның орнына Конституциялық Кеңес құрды. Ол билікке ыңғайлы болды. Менің рухани ұстазым, академик Салық Зиманов 1995 жылғы Конституцияға және Конституциялық Кеңестің құрылуына наразы болды. Ол кісі «Конституциялық Сот болу керек. Біз демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекетпіз» деген болатын.

– Адам құқын қорғауға байланысты бізге әрдайым АҚШ пен Еуропа елдері тарапынан  сын көп айтылады. Бұл неліктен?

– Конституцияда адам құқығы бірінші бапта жазулы тұр. Адам құқығын қорғау жөнінде де жұмыстар жасалып жатыр ғой. Жалпы ол бұрынғы билікке байланысты болды. Биліктің басында кім болды? Соның ықпалы болды. Енді ол адам кетті ғой. Біз жаңа Конституция қабылдайық деп жатырмыз. Жаңа Қазақстанда жаңаша өмір сүруіміз керек. Шетелдің көзқарасы әртүрлі. Біз оған тойтарыс бере алмаймыз. Көзі ашық қоғам мүшелерінің бәрі қазір Тоқаевтың саясатын дұрыс деп қолдап жатыр. Сондықтан жаңа Конституцияны жазғы каникулға дейінгі 2-3 айдың көлемінде бекітіп алсақ өмір сүру стандартымызды жаңа Конституция аясында жүзеге асыратын боламыз.

– Кейбір әріптестеріңіз 1993 жылғы Конституцияны қайтару керек деген пікірде. Сіз қалай ойлайсыз?

– Өте дұрыс. Президент өз өкілеттігін қысқартып, біраз құқығын Парламентке бергелі отыр.  1995 жылғы Конституция бойынша Президент басқаруды 100 пайыз өз қолына алған болатын. Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында бұл билікті қайта Парламентке беріп  жатыр. Сондықтан жаңа Конституцияны бүкілхалықтық референдум арқылы жаңадан қабылдаған дұрыс деген ойдамын.

– Сұхбатыңызға рақмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

 «Заң газеті»

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

2024 жылғы 18 сәуір күні кезекті Әдеп жөніндегі кеңес...

Молодежь Алматы помогают в благоустройстве дворов детских домов

В рамках кампании «Алматы – наш общий дом», продолжается...

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған...

Алматы жастары «Jas niet» акциясын өткізді

Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ...

ХІ Республикалық «Үздік лингвист» олимпиадасы-жас ғалымдар алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында...