МАХІ шәй құтысына коняк құйып өткізбекші болған

05.05.2022 жылы сағат 11: 30 шамасында Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіне келген Қ. есімді азаматтың азық- түліктері арасынан тыйым салынған зат тәркіленді.

Ол бұл күні мекемеде ҚР ҚК- нің 24- бабы 3- бөлігі 1- тармағымен айыпталып, қамауда отырған досына келген болатын. Сәлем- сауқатты қабылдау бөлмесіндегі қызметкердің жұмысына деген жауапкершілігі мен қырағылығының нәтежиесінде, досына тосын сый жасамақшы болған азаматтың қулығы іске аспай қалды.

Сырттай қарағанда бір литрліктен екі пластмасса құтысындағы салқын суды ешкім ажырата алмас. Алайда, бұл азамат бұндай сұйықтықтардың да, ашылып тексерілетінін білмеген болу керек. Қырағы сақ бақылаушы, құтыны ашып көргенде, спирттік ішімдіктің исін бірден сезген.

Осылайша, мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттар болып табылғандықтан, конягі бар құты тәркіленіп, алынды. Ал досын қуандырмақшы болған азаматтың үстінен баянат толтырылып, ісі қалалық сотқа жіберілді.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...