12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТА ЗАҢЫ — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ КЕПІЛІ

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап, күні бүгінге дейінгі болған өміршең өзгерістердің барлығы да Ата заңымыздың аясында жүзеге асып келе жатқанын бәріміз білеміз. Өйткені, Қазақстан Республикасының өсіп өркендеуі мен қарқынды дамуының негізі, ілкі ірге тасы осы еліміздің Конституциясы. Халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы мен мемлекетіміздің саяси тұрақтылықтың да, алтын арқауы осы Ата заңымыз. Бұл номері бірінші басты құжат еліміздегі орнылықтылықтың, оны мекендейтін негізгі ұлт пен ұлыстардың, басқа да халықтардың берік достығының, береке-бірлігі мен ырысты ынтымағының да кепілі. Сондықтан Ата заңның әрбір тарауы, әрбір бабы, әр тармағы мен оларды айтылған теңіздей терең ордалы ойлар, сындарлы саздар мен сөйлемдер біз үшін аса қадірлі де қастерлі.

Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев бір сұхбатында: «Конституция көптің киелі сөзі, ал халық биліктің қайнар көзі, — дей келіп, -Конституцияның қазақша Ата заң деген бейнелі баламасы бар. Меніңше бұл өте дұрыс теңеу. Біздің барлық заңдарымыздың атасы – Конституция,» — дегені бар еді [1].

Бұл рас сөз. Олай дейтініміз, біздің Ата заңымыз еліміздің тәуелсіздік алған жылдарынан бергі жылдарда өмірдің талап тілегіне орай, халықтың, өскелең өмірдің талап тілектерін ескере отырып, өзгерістер мен толықтырулар жасалып жетілдірілді.

Өзіміз руханиятта, дәлірек айтқанда, оқу-білім мен ғылым саласында еңбек етіп келе жатқандықтан еліміздің ең басты құжаты саналатын Ата заңымыздың халқымыздың ұлттық құндылықтары мен рухани өміріне байланысты игіліктерге кепілдік танытатын, қамқорлық жасайтын жайттарына назар аударғанды мақұл көрдік. Өйткені, мұнда ұлттық құндылықтар құралы сөз қозғағанда ең әуелі ұлттық кодымыз ойға оралады. Ал ұлттың коды  ­- ол ана тілім бен туған әдебиетіміз, ата дініміз бен төл мәдениетіміз, ән-күй, өнеріміз, өміршең ұлттық салт-дәстүріміз бен ата бабалардан жалғасып келе жатқан жасампаз жөн-жоралғыларымыз – барлығы, бір сөзбен айтқанда, ұлттық діліміз болып есептеледі.

«Ата  салтың – қазақтық қалпың», — дейді қазақтың халық даналығы. Бұл түптен келгенде ұлттық сананың кемелденуіне, елдің рухының қалыптасып нығаюына қызмет ететін құндылық. Елбасының «Болашаққ бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «… Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты сол – ұлттық кодыңды сақтай білу … Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы», [2] -деп ерекше мән бере аталды. Демек, ұлттың коды жоқ жерде ешқандай рухани жаңғыру, ұлттық сана мен ұлттық рухани да, ұлттық сана мен ұлттық рухи та болуы екіталай.

Міне, Ата заң осынау маңызды мәселенің – біздің ұлттық діліміздің берік қорғаны және негізі кепілі. Елміздің негізгі заңының алғашқы бабының өзінен «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» екенін атай отырып, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық болып саналатынына баса назар аударылды. Сонан ІІ-бөлімнің 10-бабы – «Адам және азамат» деп беріліп, адамға қажетті рухани игіліктерге мән берілді.

Айталық, ұлттық кодымыздың, халықтық діліміздің ең басты белгісі – ана тілімізге үш тармақтан тұратын арнайы бір – 7 баптың көрсетілуін алыңыз. Онда Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігі, мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы, сонда-ақ Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасалатыны ерекше ескерілген. Бұл жайт Ата заңнан туындайтын, соған негізделген «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңының тарауында 27 бапқа жіктеліп бекітілген.

Ұлттық құндылықтарымыздың ендігі бір маңызды саласы – дін мәселесі. Бұл да «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының заңы аясында реттеледі. 6 тарау, 25 баптан тұратын аталмыш заң да Ата заңнан туындап отыр. Діни сенім-нанымға байланысты мәселелер Конституциямыздың бірнеше (19, 22) бабында айырықша аталған. Оларда —  әркімнің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға хақылығы, кез келген адамның ар ождан бостандығына құқы бар екндігі, оны жүзеге асыру жалпыадамзаттың және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға, немесе оларды шектемеуге тиіс екендігі ескеріледі.

Рухани кодымыздың үлкен тармағы ұлттық мәдениетіміз. «Мәденитет туралы» еліміздің заңы 8 тарауындағы 40 бапта қарастырылған. Мұнда халқымыздың мәдени құндылықтары мен ұлттық мәдени игіліктері, мәдени мұралар мен оларды сақтау, салт-дәстүр, тарихи-мәдени маңызы бар өнер жәдікгерліктерін қорғау, қамқорлық жасау мәселелері жіліктеп берілген. Әрине? Мұның да басты кепілі еліміздің Ата заңы. Өйткені, Конституциясының 37-бабында; «…Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті», — деп ерекше ескертілген болатын. Осы орайда 38-баптағы Қазақстан азаматтарының табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті деген қағиданы да еліміз құндылықтарының қатарында ескерте кеткен орынды деп білеміз. Себебі, туған жер, оның әсем табиғаты, бүкіл – жер асты және жер ұсті байлықтары халықтың баға жетпес игілігі, әрі құндылығы екенін еш уақытта ұмытпағанымыз жөн.

Мемлекеттік және ұлттық құндылықтар ретінде баса айтылатын мәселе Атазаңның 9 бабында көрсетілген – еліміздің Мемлекеттік рәміздері – ТУ, Елтаңба, Әнұран болуға керек. Олардың сипаттамасы және пайдалану тәртәбә Конституциялық заңмен белгіленген. Ал 34-баптағы екі тармақта әркім Қазақстан Республикасының Конституцияын және заңдарын сақтауға, басқа адамадар құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, әркім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екендігі қадап айтылған.

Біздің бүгінгі егемен еліміздің негізгі құндылықтарының бірі —  отбасы екендігінде еш күман жоқ. Ол мемлекеттің шағын бөлшегі іспетті. Сондықтан бұл жайт «Отан – отбасынан басталады», — дейді аталарымыз. Қазақстан Республикасының Конституциясында арнайы баппен қорғалған. Бұл 3 тармақтан тұратын 27 бапта  лайықты орын иемденген. Онда неке мен отбасы, ана мен әке мемлекеттің қорғауында болатыны, балаларға қамқорлық жасау және тірбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екендігі, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балаларға еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндеттелетіні тайға таңба басқандай көрсетілген.

«Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы», немесе

«Оқусыз – білім жоқ,

Білімсіз – күнің жоқ», — дейді халық нақылдары.

Шынында да әрбір елдің, әрбір халықтың, кез келген мемлекеттің өсіп өркендеуі, табысты болуы білім мен ғылымға тікелей байланысты. Сол себепті де бұл салаларды рухани игіліктердің ұлттық құндылықтардың қатарында атағанымыз жөн. Қоғамдық өмірдің аталған екі саласына екі бірдей заң арналған. Оқу – білім саласы «Қазақстан Республикасының Білім туралы» заңымен реттеледі. Заң 12 тарау, 68 баптан тұрады. Ал «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңы заңы 5 тарау, 22 баптан тұрады, ғылым және ғылыми-техникалық саладағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл екі заңның да іске асырылуына Ата заңымыздың тиісті баптарында кепілдіктері берілген.

Жиыны ІХ бөлім, 98 баптан тұратын Қазақстанның Ата заңы «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Конституциялық кеңес», «Соттар және сот төрелігі», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», сондай-ақ қорытынды мен өтпелі ережелерді қамтыған аса маңызды тарихи мәні бар құжат.

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында Ата заңға: «… Конституция – конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік – құқықтық реттеу негіздері ресми түрде баянды етілетін ең жоғарғы құқықтық нысан. Конституция осы заманға мемлекеттіліктің маңызды белгілсі болып табылады» , [3] — деген анықтама беріліпті. Олай болса еліміздің әрбір азаматы, әрбір тұрғыны, Ата заңымызды және одан туындайтын басқа да салалық заңнамаларды көздің қарашығындай сақтап, оны қадірлеп-қастерлеуі керек. Өйткені, мемлекетіміздің басты заңы – Конституциямыз бүкіл Қазақстандықтардың өмір сүруі мен өсіп-өркендеуінің, мемлекетіміздің қарқынды дамуының берік негізі, республика халқының жарқын болашаңының бірегей кепілі, сонымен бірге тұғыолы тәуелсіздігіміздің темірдей тірегі. Сондықтан мұны әрқайсымыз бой-тұмардай жадымызға ұстағанымыз абзал.

Ақмарал Сманова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы,

заң ғылымдарының кандидаты

Пайдаланған әдебиеттер

1 Тәуелсіздік. – Астана, 2011. – 948 б.

2 «Егемен Қазақстан», 12 сәуір 2017 ж.

3 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, 4 том, — 637 б.

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Гендерлік теңдік- тұрақтылыққа тірек

Соңғы жылдары елімізде гендерлік теңдік мәселесі жиі қозғалып жүр....

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның...