12 C
Алматы
Вторник, 17 мая, 2022
spot_img

Сотталғандар мерзімді баспасөз арқылы ел жаңалықтарынан хабардар болып отырады

ЗК-169/1 мекемесінің АКАӘПТЖБ- нің қызметкерлері діни экстремизм және тероризм баптары бойынша кінәлі деп танылған азаматтар мен мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған жаза мерзімін өтеушілерге әртүрлі бағытта тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Соның бірі ретінде Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлерімен «Ақпарат ағымында» деген тақырыпта іс- шара ұйымдастырылды.

Өткізілген шара жайында тәрбие бөлімінің бастығығы,әділет капитаны А.Тұрманов: Бас бостандығынан айрылып, қоғамнан оқшауланғандар, сыртқы дүниемен байланысты үзбеу мақсатында қамаудағылардың қаперіне ең маңызды деген жағалықтарды газет- журналдар немесе ерекше түрмелік басылымдарды оқуға,радио тыңдауға немесе лекцияға қатысуға, сондай-ақ, әкімшілік органдар рұқсат ететін және қадағалайтын құралдардың көмегімен ақпараттандырылады.

Осылайша, олар елдегі болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отырады.

Атап айтсақ, мекеме кітапханасынан әртүрлі газет- журналдар жаздырып алып оқиды.

Ал, шаруашылық бөліміне қалдырылған 19 сотталған өз еңбек ақысы негізінде жыл басында республикалық көлемдегі баспасөзге жазылған болатын.

Осы орайда, интернетке қол жетімсіз бұл азаматтар үшін әлемдегі болып жатқан соңғы жаңалықтардан құлақтандыру мақсатында, бүгін біз мекемеге қаламыздағы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлерін шақырдық.

Мерзімді басылымдар бөлімінің меңгерушісі Шакиева Айжан мен кітапханашы Серікбаева Ақмарал сотталғандарды өздерімен бірге алып келген журналдармен таныстырды. Маған « Вирус» деген атаумен шыққан журнал ерекше әсер берді. Өйткені мұнда әлемдегі медецина, соның ішінде вирусалогия саласындағы соңғы жаңалықтар жазылған екен. Екі жылдан бері жер бетін жаулап, адамзаттың өміріне қатер төндірген короновирустық індет жайында көптеген мағлұматтарды оқып білдім.

Өзім қоғамнан оқшауланып, камерадан отырып, ауруды жұқтырудан аман-сау болсамда, сыртқы әлемдегі туған- туыс пен елімнің азаматтарның денсаулығы үшін алаңдаулымын.

Журналдан әр елдегі бұл індетке қарсы шығарылған вакциналар мен дәрі-дәрмектер жайында жазылғандығын оқыдым- деді, С. есімді сотталған. Бүгін біз өзімізбен бірге «Дәстүр», «Абай», «Шапағат Нұр»,«Наука и жизинь», «Әлқиса» журналдарын алып келдік. Түрлі-түсті форматта басылып шыққан бұл журналдарға сотталғандар қызығушылық танытты. Соның ішінде отбасы құндылығын дәріптейтін әңгімелерді оқып бергенде олар бар ынтасымен тыңдады.

Өмірде адасып, қылмыс жасаған бұл азаматтарды қоғамға қайта бейімдеп, тәрбиелеу мақсатында мекеме қызметкерлерімен бұдан әрі де бірлесіп жұмыс атқарамыз, – деді, А.Шакиева.

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости