Тұңғыш Президент мәртебесі: Конституциялық Кеңеске тағы бір өтініш жолданды

Қазақстан Конституциялық Кеңесіне Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы қосымша өтініш жіберілді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарин Telegram-арнасындағы жазбасында Конституциялық Кеңес ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына оң қорытынды бергенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл — ел мен ұлт болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі. Сонымен қатар, ол конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепе-теңдігін оңтайландыруға, халықтың ел басқару ісіне қатысуын арттыруға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

«Сонымен қатар, жұмыс тобының кейбір мүшелерінің ұсынысын ескере отырып, Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау туралы Конституциялық Кеңеске қосымша өтініш жіберілді. Жұмыс тобы мүшелерінің айтуынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі белгілі және Конституцияда бөлек бекітуді қажет етпейді.

Түзетулердің барлық тармағы бойынша Конституциялық Кеңес олардың Конституцияға сәйкестігі туралы қорытынды берді. Барлық конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға бағытталған және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүргізіледі», — деді Ерлан Қарин.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...