Ақтөбедегі түзеу мекемелерінде дін өкілдерімен бірге ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Ораза айт мейрамы қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторы, КА-168/2 қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесі және КА-168/3 қоныс колониясына республикалық ақпарттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Нұржан Стамбакиев келіп, мекемедегі дінге сенуші сотталғандар арасында жалпы және жеке кездесулер өткізді.

Кездесу барысында білікті теолог маман сотталғандарға діни мәселелерді шешу кезінде көп іздену қажеттілігін, сондай-ақ отандық дінтанушы ғалымдардың еңбектеріне сүйену керектігін атап өтті.

«Аталған іс-шара Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастырумен өткізілді. Сонымен қатар, білікті дінтанушы мамандарды түзеу мекемелеріне шақырта отырып, дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмысы тобының бас маманы әділет майоры Руслан Тулегенов.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті

«Ізгі істер жылуы»: мекеме қызметкерлері оқушыға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

«Әні барда – өзі бар» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды

ҚР ІІМ ҚАЖК 79 мекемесінде сотталған азаматшалар арасында қазақ...

Абай облысында рақымшылық бойынша босатылған сотталған азаматты туған бауыры қарсы алды

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...