Спорттық іс шара өтті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты  ЛА 155/6 мекемесінде кәмлетке толмаған сотталғандар арасында  1-мамыр «Қазақстан халқы Ассамблеясы» күніне арналған спорттық іс шара өтті.

Басты мақсат жасөспірімдерге көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың  жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Спорттық жарысқа 2-жасақ сотталғандары белсенді қатысты. Жеңімпаз командаларға шағын сыйлықтар, мақтау қағаздар берілді.  Сонымен қатар спорттық іс-шара шахмат, үстелдік тенис және шағын футболдан өтті.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыру туралы видео ролик көрсетілді.

                                                                   Еркегүл Жеңісхан,

ЛА-155/6 мекемесі

                                                                      

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...