12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Су тасқынына қарсы іс-шаралар

Көктемнің басталуымен біздің аймақтарға көктемгі су тасқыны келеді. Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облысында қар мен мұздың қарқынды еруінен су деңгейі көтеріліп, жағалаулардан Есіл өзені шығады, бұл жақын жатқан аудандар мен ауылдарды су басуына әкеп соғады. Біздің тергеу изоляторы тұрған Петропавл қаласының шетінде орналасқан Заречный кенті де шетте қалмайды.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/1 мекемесі» РММ жеке құрамының белсенді қатысуымен күшейтілген режимде келесі су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді.

05.04.2022 жылы изолятор аумағын су басу қаупі төнген жағдайда жеке құрамның іс-қимылын пысықтау үшін шаруашылық ауласының іргелес аумағында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді, онда авариялық-құтқару бригадасы, мекеменің жеке құрамы мен арнайы техникасы тартылды. Оқу-жаттығу барысында саяжай алабы тарапынан мекеме аумағын еріген су басуы мүмкін жасанды бөгет жасалып, траптар төселді. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін мекеме басшылығы кезекші ауысымның үйлесімді әрекеттерін атап өтті.

Су тасқынының алдын алу мақсатында мекемеге қарасты жолдарды, көшелерді, аула аумақтарын тазарту және қардан тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мекеме маңындағы аумақты қардан тазалау үшін жеке құраммен көпшілік іс-шара (сенбілік) өткізілді.

Су тасқыны мен сең жүру кезеңі өте қауіпті болғандықтан, бізден тәртіпті, сақтықты және сақтауды, қарапайым қауіпсіздік ережелерін, талап етеді, соған байланысты тергеу изоляторының басшылығы СҚО бойынша ТЖД қызметкерлерімен, азаматтық қорғау подполковнигі А.Б. Габдулиновпен кездесу ұйымдастырылды, онда Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бастықтың ТЖ жөніндегі орынбасары
әділет майоры
Э. С. Карагиров

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...