12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Байлық байлық емес, бірлік — байлық»

Ынтымақ пен ырыс бар жерде татулық пен береке бар. Қазақ ежелден осы қағидаға сүйеніп, жылағанды жұбатты, сүрінгенді демеді. Әртүрлі жаугершіліктен қашып, түрлі тағдыр тауқыметімен босып, бас сауғалап келгенге пана, даурыға дауласып келгенге дана бола білді. Оған тарих – куә, мұрағат – дәлел, Қазақстандай кең байтақ елді мекен етіп, отанына, отбасына айналдыра алған жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері айғақ.

Бабаларымыз сан ғасыр бойы елі мен жері үшін арпалысып, ұлан­ғайыр даланы осы ұрпағына аманат етіп қалдырып кетті. Сол бір қым-қуыт замандарда да елдігімізді сақтап бейбіт өмірді қадірлей білді. Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының тыныштығын сақтау. Қазіргі көршілес мемлекеттерде болып жатқан соғысқа қарап бейбітшіліктің қадірін сезесің. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» – деген. Қарапайым халық әрдайым тыныштықта мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ұрпағының амандығы оның келешегінің кемелдігін білдіреді. Тарихта болған соғыстардың ешқайсысы жақсылық әкелмеген, керісінше, қаншама ел соғыс зардабынан құлдырап, азып-тозып, жазықсыз жандар мерт болып, елді берекесіздік жайлайды.
Біз қазақ халқы сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағымыз. Сондықтан, өткенге көз жіберіп, тарих беттерінен, ата-бабаларымыздың жолынан сабақ алуымыз қажет. Қазақ халқы тағдырдың талай қатал сынын басынан кешті. Осының салдарынан жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі бірнеше рет қайталанды. Соғыс, ашаршылық – мұның барлығы халықтың қырылып, азып-тозуына әкеліп соқты. Әйтсе де, мың өліп, мың тірілген бабаларымыз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан азат ету жолында аянбай күресті. Қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында қазақ елі тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алған. Қазақ жеріне табан тіреген әлем саяхатшылары, ғалымдар, дипломаттар естеліктерінде қазақ халқының қонақжай, сабырлы, ежелден бейбітшілік сүйгіш, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқан сөзі әлі де өзекті.
«Біз Қазақ деген – мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен «темір» болсаң, біз «көмірміз», еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең, жөніңді айт, бермесең тұрысатын жеріңді айт!».
Бабамыздың осы сөздерінде қазаққа тән тектіліктің де, батырлықтың да, ынтымаққа шақырған ізгіліктің де, шешендіктің де, өжеттіктің де белгісі сайрап тұр. Міне, осындай ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен көрегендігінің арқасында тәңір сыйлаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, өзгелермен тең дәрежедегі бейбіт елге айналдық.
Қазіргі «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы жаһандық татулықты сақтау мен нығайту ісіне атсалысуда. «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас» – дейді ұлы халқымыз. Расында халықтың ынтымағы мен ауызбірлігін сақтау әрқашан маңызды. Бейбітшілігіміз бен ынтымағымызды көздің қарашығындай сақтай білейік.

Марат Шарипов,
Түркістан облыстық ауданаралық әкімшілік
соты төрағасы

2026 жыл: Жаңа жыл мерекесіне орай қанша күн демалыс беріледі?

Биыл да 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді.

Қандастардың зейнетақысы қалай есептеледі?

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Виктория Шегайға Моңғолиядан Қазақстанға көшіп келген азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы есептеу тәртібіне қатысты сұрақ қойды.

Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады

Астанадағы тұрғын үй нарығы бағаның күрт өсуін көрсетіп отыр. Қараша айында елордадағы қайталама нарықтағы пәтерлер қазан айымен салыстырғанда 4,8%-ға қымбаттады. Бұл 2024 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары айлық өсім. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды

Австралия балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына әлемдегі алғашқы тыйымды енгізді. Бүгін жергілікті уақыт бойынша түн ортасынан бастап елдегі 16 жасқа толмаған балаларға TikTok, Instagram, Facebook және басқа да платформаларға кіруге тыйым салынды.

Түркістан облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметі алаңына келіп өңірдің дамуы туралы айтып берді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан...