Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 16 278 шетелдік азамат еңбек етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа сай шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 639 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 150 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 8 115 және 825 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 1 197 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 352 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 683 жұмыс беруші бар. Оларда 429 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

Қытай – 3 685 адам,

Түркия – 1 977 адам,

Үндістан – 1 268 адам,

Өзбекстан – 1 195 адам,

Сербия – 1 109 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге сала кетейік.

Осы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет Басшысының берген тапсырмасын орындау үшін Еңбекмині Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...

Участие органов опеки и попечительства в защите прав несовершеннолетних

Защита прав и законных интересов детей является одной из...