12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Пробация есебіндегі азаматтарға деструктивті ағымдар туралы түсінік берілді.

Жалағаш аудандық пробация есебіндегі азаматтардың түзелу жолына түсуіне және діни көзқарасын дұрыс қалыптастыру мақсатында пробация қызметкерлері арнайы маманмен кездесу өткізді.

Кездесуге Қызылорда облысы бойынша Дін істері Басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімінің меңгерушісі А. Байқабылов шақыртылды. Ол сотталғандарға деструктивті ағымдар туралы түсінік берді. Нақтырақ айтатын болсақ, теолог маман сотталғандарға адамзат әлеміндегі қатыгездік пен бейбіт адамдар арасындағы алауыздық тудыратын қауіпті ағымдардың ұстанымдарының дұрыс еместігін, дәстүрлі Абу-Ханифа мазхабыныңан мысалдар келтіре отырып әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, салт- дәстүріміздегі адамгершілік тәрбиесі жайында да, көптеген мағлұматтар айтты. Яғни, оларды ҚР Діни басқармасының бекітілген Қағидаларының талаптарына сәйкес ұстанымында болып, наным-сенімі адасқан экстремистік көзқарасты насихаттаушы топтардың жетегіне ермеуге шақырды. Кездесу соңында сотталғандардың көкейінде жүрген түрлі діни сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...