12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақмола облысының Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандар арасында Ислам дінін түсіндіру және «Құранды дұрыс оқу – тәжуид» сабақтары өткізілуде

​Террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталғандар арасында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде Ислам дінін дұрыс түсіну және «Құранды дұрыс оқу – тәжуид» сабақтарын Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі, теолог Сейітқали Әділқожа тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Аудиторияның назарын аудару үшін Сейітқали қазақстандық және әлемдік ислам ғалымдарының қатысуымен түсініктемелері бар қызықты материалдарды дайындап сотталғандарға арнайы жасалған бейнефильмдерді мысалдарымен көрсетеді.
Теолог жұмысы мақсатты түрде жүргізілуде, мұнда бастысы – адасқандарға діннің негізгі ережелерін түсіндіру. Сотталғандардың басым бөлігі ақпараттың аздығынан, сауатсыздығынан, білімнің жоқтығынан экстремистік желіге түсіп қалады. Кездесулер барысында сотталғандар тарапынан көп сұрақтар туындап, өз оқиғаларымен бөліседі. Басында күмәнданғанымен уақыт өте келе дұрыс мағлұматтарды білгендіктен өз көзқарастарын өзгертеді.

«Мен мұны қалай көрмегенімді түсінбеймін, мамандар қарапайым түрде жеткізгеннен кейін не айтқанын естігенде бәрі түсінікті болды, мен көптеген қателіктер жібердім, бұл өте өкінішті. Әсіресе, жас жігіттерге айтарым, Құранды оқыңыздар, түсіну үшін мамандарға жүгініңіздер, өз өмірлеріңіз бен туған-туыстарыңызға кездейсоқ таныстарыңызға сенбеңіздер» — дейді сотталған Серік.

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...