Қоғамдық бірлестік өкілі тергеу изоляторына келді

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елена Александровна Семенова келді.

ҚР ІІМ ҚАЖ Қылмыстық — атқару жүйесі комитеті арасында сотталғандардың бұзылған құқықтарын сақтау және қалпына келтіру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, «Біз азаптауға қарсымыз» бірлестігінің басшысы қоғамдық бірлестік өкілдігі Е.А.Семенова тергеу қамауындағылар мен сотталғандардың мекемедегі ұсталу тәртібі бойынша аралау және қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, бұл аралау Қызылорда облыстық прокаратурасының үкімдерін орындау қадағалау басқармасының бастығы С.Ахметов, басқарма аға прокуроры М. Алмас, ҚАЖ департаменті бастыңының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов және мекеме бастығығы, әділет подполковнигі А.Тасқараевтың қатысуымен өткізілді.

Қоғамдық өкіл басшысының жеке қабылдау кезінде қамаудағылар тарапынан азаптау фактілері бойынша ешқандайда арыз- шағымдары болмады.

Арнайы келген бұл топ, олардың камерадағы ұсталу жағдайы мен тамақтануын өз көзімен көріп, мекеме тарапынан медициналық іс-шаралардың тиісті дәрежеде өткізіліп жатқандығын көзімен көріп қайтты.

Бүгінгі келген қоғамдық бірлестік басшысы мен құқық қорғаушылар тұттқындармен жеке әңгімелесіп, оларға мекеме тарапынан тиісті жағдайлардың жасалынып жатқандығын және ешқандайда заң бұзушылықтарындың орын алмағандығынан хабардар болды, — деді мекеме бастығығы, әділет подполковнигі
А.Тасқараев.

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...