12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Министр Еңбекшіқазақ ауданында

Ауылда алғашқы медициналық көмек кешенді түрде көрсетілетін болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері және Өзбекстанның медицина саласы қызметкерлері Жетісу жеріне арнайы келді. Басты мақсат — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасы базасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін  демонстрациялық платформа ашу болды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Республикамызда Еңбекшіқазақ ауданындағыдай озық инновациялық технологияны қолдану тәжірибесі мен жетістіктерінің кең таралуына барынша мүмкіндік жасаймыз», — деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі  Ажар Ғинаят.

Денсаулық сақтау министрінің  айтуынша, осы алаңның Қазақстанда құрылып, ашылуы еліміздегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамығанын көрсетіп, дәлелдейді. Сондықтан  Қазақстанның бұл тәжірибесін Жетісу жеріне арнайы іссапармен келген Өзбекстан делегация мүшелері құп көріп, өз елінде енгізуге ниеттеніп отырғанын аңғартты.

-Өркениетке ұмтылған елімізде демонстрациялық платформа үшін Алматы облысының таңдап алынуы халқының 78% ауылдық жерде тұрады. Бұл таңдау өңір үшін аса маңызды. Жаңа нысан алғашқы медициналық көмек сапасын арттырумен қатар өңірді жоғары білікті мамандармен қамтуға да өзіндік  септігін тигізетініне сенімдімін,- деді Алматы облысының  әкімі Қанат Бозымбаев 

Келесі кезекте сөз алған  ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клуге:

— Қазақстан – Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы  қолдап-қуаттаған демонстрациялық платформаны  аймақта ашқан алғашқы ел.Осы игі қадамымен де  Қазақстан өзге елдерге үлгі болды. Сөзден іске көшіп, бүгін маңызды жобамызды, яғни  арнаулы медициналық жасақталған орталықты  қалаларда емес ауылда ашып,  іске қосып отырмыз. Осы платформа арқылы мемлекеттер алғашқы көмек көрсетудің озық үлгілерін бір-бірінен үйреніп, өзара тәжірибе алмасады. Ковид індеті бізге неғұрлым мықты, бейімделген, қажетті ресурстармен қамтылған алғашқы медициналық көмек жүйесін қалыптастыру керек екенін көрсетіп берді. Сондықтан бұл платформаның маңызы зор, — деді ол.

Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасының базасында ашылып отырған платформаның ерекшелігі сол – бұрын алғашқы медициналық-санитарлық көмекте сырқаттың жарасын таңып, дәрісін егіп, жәрдемін берсе, қазір дәрігер мамандардың жанына әлеуметтік қызметшілер мен психологтар да қатар  отырады. Бұл алғашқы көмек процесі кешенді түрде жүргізілетінін көрсетеді. Нақтылай түссек,  ана мен бала денсаулығына, әрқандай  аурудың алдын алуға дер кезінде көмектесіп, дәрі-дәрмекпен де қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі. 

Өз тілшіміз

Алматы облысы

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...