12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Қонаев қаласы» ма, әлде «Дінмұхамед Қонаев қаласы» ма?

Қапшағай қаласына халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беру мәселесі бүгін ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, бірауыздан мақұлданды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жетекшілік етті. Жиынға қатысқан комиссия мүшелерінің барлығы Дінмұхамед Ахметұлының ел үшін еткен еңбегін саралап, нақты осы Қапшағай қаласының пайда болуына қосқан үлесін атап өтті.
Мәселен, жаңа қала 1970 жылдары Д.Қонаевтың бастамасымен Іле өзенінің бойында бой көтерген еді. Ал Қапшағай су қоймасы мен осы жерге салынған су электрстансасы аймақтың экономикалық, энергетикалық мүмкіндігін арттыруда əлі күнге дейін маңызды рөл атқарып келеді. Жаңа кентті «Қапшағай» деп атау сол кезде жан-жақты ойластырылып, Қонаевтың қолдауына ие болған. Енді міне, қаланы Дінмұхамед Ахметұлының есімімен атап, дара тұлғаға лайықты құрмет көрсету ісі өз мәресіне таяп келеді.
Жиында комиссия мүшелері тарапынан «Қапшағай» су қоймасының атауына қатысты сұрақ та қойылды. Дәурен Әскербекұлы, өзгерістің тек қала атауына қатысты екенін, ал су қоймасының атауы сол күйі сақталатынын атап өтті.
Сонымен қатар, қаланың аты «Қонаев қаласы» ма, әлде «Дінмұхамед Қонаев қаласы» болғаны дұрыс па деген сауал да талқыланды. Мәдениет және спорт министрі әлемдік тәжірибеден және елімізден де мысалдар келтіре отырып, Алматы облысы орталығының атауы «Қонаев» қаласы болғаны дұрыс деген ұсыныс айтты. Мәселен, шет мемлекеттерді айтпағанда, бізде Сәтпаев, Курчатов қалалары, Абай ауданы деген секілді елді-мекендер бар. Бұл жазуға да, айтуға да ыңғайлы болмақ. Министрдің ұсынысы да комиссия мүшелері тарапынан қолдау тауып, қаланы қысқа да нұсқа «Қонаев қаласы» деп атау туралы шешім қабылданды.

«Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» стандартын енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде квазимемлекеттік секторда «ISО 37001:2016 Парақорлыққа...

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

Семей қаласында ҚАЖ қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру ...

В Семее сотрудники УИС активизировали работу по профориентации

В Семее сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай...

Алматылық дәрігерлер жол апатына ұшыраған ер адамның аяғын сақтап қалды

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40...

За попрошайничество несовершеннолетнего понес наказание законный представитель          

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...