Бітімгерлер миссиясы — тыныштық пен бейбітшілік

Қазақстанның сыртқы саясатында бітімгершілік қызмет маңызды рөл атқарады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында халықаралық күштің жауапты мүшесі ретінде өзін барлық қырынан көрсете алды. Мемлекеттің бітімгершілік қызметі негізінен қарулы қақтығыстардың алдын алу, тоқтату мен гуманитарлық қызмет көрсетуге бағытталған.
2000 жылы елімізде алғаш рет Қазақстанның бітімгерлік батальоны құрылды (ҚазБат). ҚазБаттың 2003 жыл мен 2008 жыл аралығында «Иракқа бостандық» атты бітімгершілік операцияға қатысуы – елдегі жағдайды тұрақтандыру жолындағы халықаралық күш аясындағы алғашқы жауапты миссиясы. Тұтастай алғанда 290 адамнан тұратын қазақстандық 9 бітімгершілік контигент Иракта қыз­мет етті. Олардың ішінде әскери инженерлер мен медициналық қызметкерлер де болды.
Бұл ретте қазақстандықтардың басты міндеті қарауылшы жасақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, аумақтар мен базаларды минадан тазалау, жол қозғалысын реттеу, гуманитарлық көмек бойынша операцияларды жүзеге асыру. Қазақстанның әскери қызметкерлері 5 млн жарылғыш қаупі бар оқ-дәріні жойып, Ирактың 500 азаматына медициналық қызмет көрсетті. Қазақстанның бітімгерлік батальонының негізгі жұмыстарының бірі – 2003 жылдан бері НАТО мүшелері қатысатын бірлескен лаңкестік және бітімгерлік оқуларын тұрақты түрде өткізуі.
Қазақстандық бітімгершілердің басты миссиясы – Біріккен Ұлттар Ұйымының БҰҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бойынша операцияларына қатысу болып отыр. Мәселен, 2014 жылдан бастап Қазақстан өкілдері Батыс Сахар мен Кот-д’Ивуардағы миссияда штаб офицерлері мен соғыс бақылаушылары ретінде қызмет етті. Олардың құрамында әйел сарбаздар да болды. Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстаннан 120 әскери қызметкер Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері ретінде әрекет етуге жіберілді. Бітімгерлер жаяу және көліктік күзет, штаб жұмысымен, бақылау тіректерінде кезекшілік жасап, БҰҰ-ның посттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын үндінің INDBATT батальоны құрамында қызмет етеді. Сонымен қатар, Қазақстан Бәйрутта болған жарылыстан соң төтенше көмек көрсетуге атсалысты. Осы мақсатпен Ақтаудан Ливанға 2020 жылдың тамыз айында құрамында хирург, травматолог, нейрохирург, интенсипті терапия дәрігерлері бар, аудармашылар бар барлығы 29 әскери қызметкер барды.
Қорғаныс министрлігінің 2020 жылғы кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салалық министрлік пен мүдделес ұйымдарға Қарулы күштердің БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту бойынша Жол картасын дайындауды тапсырған болатын. Батыстық жарты шар мен бұрынғы кеңестік аймақтардағы геосаясат, қорғаныс, киберқауіпсіздік мәселелері бойынша сарапшы Уайлдер Алехандро Санчестің айтуынша, Тоқаевтың бұл мәлімдемесі жоғары бағаланады. Өйткені, БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы жақсы дайындалған білікті «көгілдір каскаларды» қажет етеді. БҰҰ-ның уақытша бітімгерлік күштері құрамына жіберген Қазақстанның әскері өте жақсы нәтиже көрсетті. Соның арқасында БҰҰ-ның басқа миссиялары ойдағыдай орындалуда.
Осылайша өзгермелі жаһандық жағдай мен халықаралық тұрақсыздық пен мемлекетаралық жанжалдар көбейіп тұрған уақытта Қазақстанның бітімгерлік күштері БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларында айрықша рөл атқарып отыр. Алдағы уақытта осы адалдығынан танбай, халықаралық қауымдастықтың жаһандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты түрде ықпалын тигізе беретініне сенім мол.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.