Елде әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмайды – репродуктолог

Қазақстанда бедеулік көбейіп барады. 50% жағдайда кінәрат ерлердің денсаулығынан табылады. Жалпы, бедеуліктің артуы 95% жағдайда туа біте емес, адамның өзінің немқұрайлы қарауынан туындайды. Басты себептерін ҚР ДСМ Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықова «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 24.kz арнасы жазды.

Бедеу отбасы туралы айтқанда әйелдер жайында ғана айтқанымыз дұрыс болмауы мүмкін. Себебі бүгінгі таңда 50%-ға жуығы ерлер арасындағы бедеулік. Себептеріне тоқталып өтетін болсақ, ерте жастағы жүктілік, ерте жаста түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін індеттермен күреспеу, жас кезінде кездейсоқ жыныстық қатынаста жиі болу – осының бәрі адамның ересек өмірде отбасын құрған жағдайда алдынан шығуы мүмкін, – деді ол.

Елде әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Жыл сайын 20 мың адам «бедеулік» диагнозымен есепке алынады. Алайда, шынайы жағдай одан да күрделі болуы мүмкін. Себебі, науқастардың көбі репродуктологтың тіркеуіне тұрмайды. Мәселеге биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Байқошқарова тоқталды.

Шын мәнінде бедеулікпен бетпе-бет кездесіп жатқан жұптар он есе көп болуы мүмкін. Көбі тіркеуге тұрмайды. Көп жылдар бойы уақытын жоғалтып алады. Емшіге, жалпы гинеколог дәрігерлерге барады. Көбісі репродуктологқа баруға немқұрайлы қарайды. Сондықтан, 20 мың деген нақты көрсеткіш деп айтуға келмейді, – деді ол.

Репродуктологтың айтуынша, жасы ұлғайған сайын адамның ұрығы таусылып, тіпті көмектесу мүмкін болмай қалады. Ұрпақты болудың ең қолайлы кезеңі – 30 жасқа дейін. Бойжеткендер мен бозбалаларға жыныстық тәрбие беруді қолға алған жөн. Бедеулік тек медициналық емес, әлеуметтік тұрғыда өте өзекті мәселе. Қоғам болып күреспесе, бедеулік мәселесі шешілмейді.

Бедеуліктің шешімі тек экстракорпоральды ұрықтандыру деу дұрыс емес. Науқастарға әртүрлі емдеу тәсілдерін қолданып, табиғи жолмен жүкті болуына көмектесу қажет. Бедеулікпен күресу өте қиын, оның алдын алудың бірден-бір жолы әр адамның саналы түрде зиянды әрекеттерден аулақ болып, жауапкершілігін арттыруы, – деді Салтанат Байқошқарова.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.