Сотталған әйелдер Наурыз мейрамын атап өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 әйелдер колониясында Наурыз мерекесі атап өтілді.

Сотталған әйелдер ұлттық киім киіп, халық әндерін орындады, ал би студиясының талантты қыздары көрермендерге «Шашу», «Қара жорға» және «Қамажай»ұлттық билерін сыйлады.

Сотталғандар негізін қалаған мекеменің театр студиясы қазақ халқының көпғасырлық дәстүрлеріне сәйкес «Келін түсіру», «Беташар» қойылымдарын орындады.

«Мұндай іс-шаралар әр мерекеге орай өткізіліп оған сотталғандар үлкен ықыласпен қатысады, Олар сахналарды, сөз сөйлеу нөмірлерін өздері дайындайды», — деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Белсенді қатысушыларға мекеменің қоғамдық өміріне ынталана  қатысқаны үшін алғыс жарияланады.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...