12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ЕРТЕГІСІЗ ӨСКЕН БАЛА – РУХАНИ МҮГЕДЕК»

ҚАЗІР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ƏЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТУЫНДЫЛАР ЖЕТЕРЛІК. «ГАРРИ ПОТТЕР» СИЯҚТЫ ЭКРАНДАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРДЫ БҮГІНГІ БАЛАНЫҢ ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫНАН СҰРАСАҢ ДА БІЛЕДІ. ДЕГЕНМЕН ДƏЛ ОСЫНДАЙ ШЫҒАРМАЛАР ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНДЕ ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ. ТІПТІ, ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖҮГІН АРҚАЛАП ЖҮРГЕН ҚАЛАМГЕРЛЕРІМІЗ АЗАЙЫП БАРА ЖАТҚАНДАЙ. ЕНДЕШЕ, ЭНТУЗИАСТАР ҒАНА КЕЛЕТІН САЛАНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Бала күнімізде Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», Сайын Мұратбековтің «Жабайы Алма», «Жусан исі», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармаларын оқып өстік. Содан болар, әлі күнге аталған шығармалардың кейіпкерлері жадымызда. Дегенмен, бүгінде кітап атаулыны қолына ала бермейтін баланы да, жасты да көргенде, ақын Ескен Елубаевтың «Түбінде әдебиет жоғалады. Бірақ балалар әдебиеті қалады» деген сөзіне күмәнмен қарайсың. Балалар әдебиеті — сөз өнерінің арналы бір саласы. Бұған дейін балалар отбасында, фольклорлық шығармалармен және көркем әдебиеттің тұғырлы туындыларымен тәрбиеленетін еді. Әсіресе, ата-анамыз, әжелеріміз ертегі оқып бергенде, ертегілер еліне саяхаттап, қиял әлемінде жүретін едік. Ал соңғы кездері балаларымызға кітап оқымақ түгілі, сөйлесуге уақыт таппаймыз. Елімізде әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік тапсырыс бойынша 2018 жылы 1 миллиард 845 миллион теңгеден астам, 2019 жылы 1 миллиард 101 миллион теңге әдебиетке бөлінген. Соның ішінде балалар әдебиетіне бөлінгені – тиісінше 89 млн 183 мың және 19 млн 420 мың теңге. 2020 жылға 821 млрд 615 миллион теңге бөлу жоспарланса, соның 46 848 миллион теңгесі балалар әдебиетіне арналған. Бірақ шығатын кітаптардың ішінде балалар әдебиетінің үлес салмағы төмен екен. Бір қызығы Қазақстандағы баспалар жұмысы халықаралық стандарттарға сай келмейді деседі.
Өйткені, автор, иллюстратор, баспагер, әдеби агент – тұтас шығармашылық болып жұмыс істемейді. Салдарынан саны бар, сапасы жоқ кітаптар мен оны қызығып оқымайтын оқырмандар пайда болуда. Содан болар, өз қаржысына балаларға арналған кітап шығарып алып, таратып жүргендер де бар. Алайда, олардың еңбегі еленіп жатыр ма?
Не десек те, қазіргі уақытта тек балалар ғана емес, үлкендер, яғни аға-буын өкілдері де кітап, қала берді газет-журналдарды оқи бермейді. Оның себебі көп. Бұған баланы ғана кінәлау дұрыс емес-ау! Бәлки, тұтас қоғам да кінәлі шығар… Бұл жағдайдың алдын алу, балалардың қызығушылығын тудыру үшін – балалар драматургиясы, балалар прозасы, балалар поэзиясы деген түрлі байқаулар ұйымдастырып тұру керек. Ал балалар әдебиетіне қалам тартып жүргендердің қатарын көбейту, балаларға арналған әдеби шығармашылықты дамыту үшін мемлекет қандай да бір қолдау көрсетуі қажет. Әйтпесе, Бауыржан Момышұлының «Ертегісіз өскен бала рухани мүгедек адам» деген қанатты сөзі шындыққа жанасып, технология заманында балаларымыз рухани мүгедек жағдайына душар болар…

Серікбол ХАСАН, балалар ақыны:
– Қазіргі қазақ балалар әдебиетіне көп нәрсе қажет. Ізденіс, идея, нарықтың сұранысы, балалардың талабы, бәрі ескерілуі қажет. Балалар қаламгерлері көбейсе, жаңа шығармалар өмірге келсе, болашақта бұл бағыт жандана береді.Бізде шетелдегідей балалар әдебиетіне деген көзқарас қалыптаспай келеді. Қазақ авторлары балалардың жаңа шығармаларға сусап отырғанын түсіне бермейді. Сіз айтып отырғандай қолдан қолға өтетін қызықты дүниелерді біздің қаламгерлер жаза алады. Алайда ол қаламгерлер қазіргі нарықты зерттеп, балаларды қандай тақырып қызықтыратынын, қандай кітаптар оқылымды, сатылымды болатынын біле бермейді. Ондай жұмыстарды әдеби агенттер атқаруы керек. Болмаса мұнымен баспалар айналысуы қажет. Өкінішке қарай біздегі баспалардың жағдайы да мәз емес. Жақсы кітаптар шығарып, қазіргі нарықты меңгеріп келе жатқан бірен-саран баспалар бар. Алайда олар тек шетелдік авторларды қазақшаға аударып берумен ғана шектеліп жатқандай көрінеді. Қазақта балалар қаламгерлері жоқ емес, бар. Әсіресе бұрын бұл тақырыпқа түрен салған ақын-жазушылар көп еді. Біразы дүниеден өтті, кейінгілерін қарттық жеңді. Сондықтан бұл жолды жастар жалғауы тиіс. Ал жас қаламгерлерді балаларға арнап жазуға ынталандыру үшін жұмыстар жасалу қажет. Мемлекеттің болашағы үшін керекті маңызды жобалар сол мемлекеттің тікелей ықпалы, қолдауы арқылы іске асады. Мәселен, «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының барымызды бағалап, жоғымызды түгендеуімізге көп көмегі болды. Сол секілді әдебиетіміздің дамуына мемлекет тарапынан көмек керектігі байқалып отыр. Әсіресе қазақ балалар әдебиетіне қамқорлық қажет. Балалар тақырыбына қаузайтын қаламгерлер сирек, тиісінше балаларымыз өздерін қызықтыратын шығарма таппай жүр. Былай қарағанда бәлендей үлкен мәселе секілді көрінбегенімен, бұның болашақта орасан зияны болады. Себебі бала кезінде кітап оқымаған, оқырман болып қалыптаспаған баланың тіліне, мәдениетіне, әдебиетіне деген қамқорлығы болмай қала ма деп қауіптенемін. Сондықтан балаларға арналған кітаптарды жанрлар бойынша жүйелеп, жарыққа шығаратын арнайы мекеме құрылуы керек. Соның аясында халықаралық стандарттарға сай келетін балалар баспасын қалыптастыру қажет.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.