12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жылдар бойы жиған артық салмақтан 2 айда арылу мүмкін бе?

Мамандардың айтуынша, семіздікке шалдығудың 3 себебі бар.

Артық салмақ –  әлемдік эпидемияға айналып барады. Статистикаға сүйенсек, семіздікке шалдығатын адамдардың саны әр 10 жылда 10 пайызға көбейіп отырады. Соңғы уақытта бұл көрсеткіш тіпті қарқын ала бастаған. Адам ағзасының артық салмақ жинауға бейімділігінің себебі мен арылу жолдарын Azattyq Rýhy тілшісі зерттеп көрген еді. 

СЕМІЗДІК – АУРУ МА, ӘЛДЕ ЖАҒЫМСЫЗ ӘДЕТ САЛДАРЫ МА?

Қазақстан тағамдану академиясының зерттеуіне сәйкес, елімізде ересектердің 30 пайызы артық салмақ жинаған. Ал семіздік дертіне әйелдердің 26 пайызы, ер азаматтардың 15 пайызы шалдыққан. Бұл дегеніміз, Қазақстан халқының жартысынан көбі. Диетолог маман Арай Әміре адам ағзасына май жиналуының бірнеше себебін атады. Әсіресе стрестік жағдайлар артық салмақ жинауға себепкер болады.

«Артық салмақ жинаудың себебін 3-ке бөліп қарастыруға болады. Бірінші, анатомиялық-физикалық. Яғни адам сырқаттанып қалып, дәрі-дәрмек қабылдаса соның кері әсерінен артық салмақ қосып алуы ықтимал. Ол сырқатынан толық айыққан соң, олқылықты жарты немесе бір жылдың ішінде қалыпқа келтіруге болады. Екінші, психологиялық себеп. Бүгінгі күні адамдардың көпшілігінің ағзасында, нақтылап айтсақ, 80-90 пайызында картизол гармоны көп. Ол стресс, депрессияға алып келеді. Басты себебі – қарбалас өмірде ұйқының қанбауы. Дұрыстап тынықпаған адам психо-эмоционалдық өзгерістерге ұшырайды. Адам өмірден рахат алмағанда,  оны тамақтан іздей бастайды. Үшінші, химиялық себеп. Біздің қазір тұтынып жүрген тамақтарымыздың барлығында химиялық консерванттар бар. Тағамды дәмді жасау үшін зиянды қоспаларды көп пайдалану – адамды тәуелділікке әкеледі. Үнемі соны жегісі келіп тұрады. Яғни, дұрыс тамақтанбау салдары да семіздікке алып келеді», — дейді маман.

Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Кузьмина (кейіпкердің өтініші бойынша есімі өзгертіліп берілді) жасөспірім шағында семіздікке шалдыққанын айтады. Жасы 50-ге жақындап қалған әйел артық салмақтан арылғысы келсе де, нәтиже жоқ. Бірнеше рет салмақтан арылуға арналған сусындар мен түрлі препараттарды қолданып көрген. Бірақ аз мөлшерде салмақ тастап, кейін бірнеше есе көбейтіп алған. Содан кейін ештеңе өзгертпеуді ұйғарған. Қазір оның салмағы 130 келіге жақын.

«6-7 сынып оқыған кезде тез салмақ қоса бастадым. Анам марқұм толық болатын. Сондықтан бұл қалыпты жағдай деп санадым. Шешемді қатты жақсы көргендіктен бе, оның дене бітімі маған оғаш болып көрінбейтін. Үнемі тамақ жегім келе беретін. Үйдегілер де ақыл айтып, маған ешқашан тыйым салған емес. 16-17 жасқа келгенде өзімнің басқалардан өзгеше екенімді аңғара бастадым. Келісті киім табу мен үшін үлкен проблемаға айналды. Жанымдағы жіптіктей қыздарға қызыға қарайтынмын. Бірақ тәбетімді жеңе алмадым. Мүмкін бәріне салғырт қарағандықтан болар. Дегенмен, артық салмақтың кесірінен өмірде опық жеген емеспін. Шамалы келеңсіздіктер болмаса, жұрт қатарлы отбасы құрып, балаларымды дүниеге әкелдім. Бірақ оларды кішкентай кезінен дұрыс тамақтануға үйреттім», — дейді ол.

ДҰРЫС ТАҢДАЛМАҒАН ДИЕТА – ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ

Диетолог Арай Әміре кейіпкеріміздің басынан өткен оқиға сынды жағдайларға тап болған жандарды жиі кездестіретінін айтады. Адамдардың басты қателігі де осы – түрлі препаратарды дәрігер нұсқауынсыз қабылдау.

«Кез келген аурудың басты себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау. Артық салмақ та солай. Одан арылу үшін диета ұстап, түрлі коктейль мен таблеткаларды тұтынатындар көп. Осындай әрекетке бару арқылы кей азаматтар жылдар бойы жинаған 20-30 келі салмақтан 1-2 айда арылғысы келеді. Аталған препараттар несепті айдап, тәбетті басады. Ағзадағы еритін дәрумендерді шығарады. Біріншіден, бұл бүйрекке кері әсер етеді. Көптеген елдерде мұндай дәрмек дәрігер рұқсатынсыз сатылмайды. Бізде оның барлығы еркін саудада жүр. Мұндай препараттар адамның үлкен-кіші дәретінің шығуына жағдай жасайды. Кейін ағза оған үйреніп қалады. Сондықтан асқазан мен бүйрек қызметі бұзылады. Оның зиянын ойламай, байыбына бармай, арықтау үшін пайдаланатындар көп. Олар көбіне уақытша әсер береді. Кейіннен адам бұрынғы салмағынан да артық қосып алады», — дейді маман.

АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУДЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Мамандардың айтуынша, семіздіктен арылу мақсатында диетаға отырудың қажеті жоқ. Ол көптеген ішкі ағзалардың ауруына алып келуі мүмкін. Кез келген адам артық салмақтан арылу үшін – дұрыс тамақтанса болды. Және оған бірден қол жеткіземін деу – әбестік.

«Бәрін біртіндеп жасау керек. Мәселен, бірінші қанттан, одан кейін тұздан, кейін фаст-фудтан бас тартуы керек. Күн сайын суды қажет мөлшерде ішкен абзал. Және маңызды шарттардың бірі – адам кешкі асын түнгі ұйқыға жатардан кем дегенде 3 сағат бұрын ішуі шарт. Адам арықтау үшін кешенді тексерістен өтуі керек. Ағзаның гормоналдық жағдайын, қандай дәрумендер жетіспейтінін анықтау керек. Сонда ғана ол арылған артық салмағын қайта қоспайды», — дейді маман.

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.