12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Экстракорпоральды ұрықтандыру МӘМС пакеті есебінен жүргізіледі

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұған дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

Жасанды ұрықтандыру – ұрпақ өрбітудің әлемде кең таралған әрі ең заманауи тәсілдерінің бірі. Дүниежүзінде 40 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан бұл әдіс Қазақстанда 1996 жылдан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Бүгінгі күні еліміз бойынша экстракорпоральды ұрықтандыру тәсілімен 22 мың бала дүниеге келді. Алды бүгінде ата-ана атанып та үлгерді. Ал, бедеулікке байланысты тіркеуде тұрған әйелдер саны 9 мыңнан асады.

Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 2010 жылдан бастап кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне енгізіліпті. Ал, жыл басынан бері енгізілген МӘМС пакеті көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін бұл қызметтің қолжетімділігін арттырып отыр.

«2020 жылы Алматы қаласы бойынша ЭКО процедураларына 527,3 млн теңге бөлінген. Оған 615 ұрықтандыру бағдарламасы жасалуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін 259 әйел аталған бағдарламаға қатысып үлгерді», — дейді филиал басшысы.

Биыл оңтүстік астана бойынша аталған бағдарламаға 5 медицина ұйымы қатысып жатыр. Олардың бәрі де Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен:

  • «Private clinic» ЖШС
  • «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ
  • «PERSONA» ЖШС
  • «Экомед» фирмасы» ЖШС
  • «ЭКО» орталығы» ЖШС

«Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі – әлемде белең алып жатқан бедеулік проблемасына қарсы күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ол әйелдер мен ерлерде кездесетін бедеуліктің кез-келген түрін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Заманауи репродуктивтік технологиялар бала сүюден күдер үзген адамдарға үміт сыйлайтын кездері аз емес», — дейді дәрігер акушер-гинеколог, репродуктолог Анастасия Рыбина.

Айтуынша, осындай жандардың бірі квота кезегін 2 жыл күткен. Оған дейін бірнеше рет жасалған ұрықтандыру бағдарламасынан нәтиже шықпапты. Осы бағдарлама арқасында бойына бала біткен келіншек бүгінде ана болуға дайындалып жатыр, дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетсек, квота бойынша ЭКО бағдарламасына қатысу үшін тіркелген емхана арқылы арнайы есепке тұру қажет. Тиісті көрсетілімдер болған жағдайда дәрігерлер квотаға кезекке қояды.

 

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...