12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«АЛТЫН ОРДАДА» ТІРЛІК ҚАЙНАП ЖАТЫР

Алматыда орналасқан, аумағы 40 гектарға ие әйгілі «Алтын Орда» базарының өмірін карантин мен сақтық шаралары өзгерткен. Саудагерлердің бірі жаздық киімін, енді бірі қыстық киімдерін іліп жүр. «Заң газеті»-нің тілшісі карантин режимінде жұмыс жасап жатқан базарды аралап, ондағы хал-ахуалмен танысып қайтты.

Сағат 11:00-ден өтті.Көлік кептелісінен әрең дегенде «Алтын Орда» базарына да жеттім. Өзім қиналдым, бірақ алматылықтар «Алтын Орда» базары маңындағы көлік кептелісіне үйреніп те қалған сияқты. Өйткені, жол әуресіне қарамастан, базар ішінде адам қарасы көп. Қарап тұрсам, базарға бір емес бірнеше есік арқылы көлікпен кіруге болады екен. Кіру құны – 100 теңге. Бір сағат бойы базарға кіретін көліктерді бақыладым. Бір минутта базарға бір көлік кіреді екен. Яғни, 60 минутта 60 көлік. Демек, көліктер базарға1 сағатта 100 теңгеден 6000 теңгені құрайтын кіріс әкелді. Ал базарға кіретін үш қақпа барын ескерсек (менің санауымша), бір күнде қанша кіріс кіретінін есептей беріңіз… Әрине, біреудің қалтасындағы қаражатты санау мақсатымыз емес. Тек сол ақшалардың арнайы мемлекеттік автотұрақ паркоматтарына емес, адам қолына кетіп жатқаны ойландырды. Жә, бұл енді басқа тақырып. Көліктерді түгендеп болғасын, базар ішіне қарай бет алдым. Базарға кіреберісте санитарлық ережені тексеріп тұрған ешкімді байқамадым. Адамдар арақашықтықты сақтап жүрген жоқ. Базарға адамдарды кіргізетін қызметкерлер де медициналық қолғап, бетперде тақпаған. Күзеттен неге бұлай болып жатқанын сұраған едім, жауап беруден бас тартты.
Арықарай базар ішіне де кірдім. Сатушылар жұмысын таңертеңгі сағат 8.00-ден бастап кеткен. Әр контейнерде «Маскасыз кіруге болмайды» деген ескерту бар. Бірақ адамдардың көбі бетпердесіз жүр.
Арнайы қаламым мен қойын дәптерімді құшақтап келгендіктен, тақырыпты тарқату мақсатында сатушыларды сөзге тартуға тырыстым. Бірақ сатушыларға жақындағанда күліп қарсы алғанымен, журналист екенімді білген соң басын шайқап, әңгімеден қашқақтады. Сөреге жайылған ерлер киімін реттеп жүрген әйел де сөйлесуге құлық танытпады. Бірақ қарама-қарсы бетте тұрған сатушыны нұсқап, «содан сұрасаң болады» деген ыңғай танытты. Жанында спорттық киімдер сатып тұрған Фатима есімді сатушы сөзден қашпай, бірден базар ішіндегі жағдайды баяндап берді. Оның айтуынша, карантиннен кейін тауар құны қымбаттаған. «Қазіргі кезде сауда жаман емес. Дегенмен, қазіргі ахуалға байланысты бәрібір адам аяғы саябырсып қалды.
Әйтсе де, жаңа тауар әкеліп, жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Әрине, карантинге дейінгі базар өмірімен салыстыруға келмейді. Бірақ өмір сүруге болады», – деді сатушы.
– Алғашында екі ай карантиндегі мәжбүрлі үзілісте қалай өмір сүрдіңіз? – деп сұрадым.
Сатушы Фатима: «Екі ай жұмыссыз жаттық. Ал базар ашылғанда басында қалып қойған тауарларды сатуға тура келді. Себебі, алатын тауар да, алуға ақша да жоқ болды. 42500 теңге жәрдемақыны алдым. Соны азық-түлікке жеткізіп, екі ай бойы Алланың бергенін жеп жаттық», – деді.Базар аралап жүріп, байқағаным, кейбір контейнерлер жабық тұр екен дегеніме, Фатима: «Иә, біраз саудагерлер контейнерлерін жауып тастады. Ақшалары болмай, қайтадан кәсіптерін жалғастыра алмай қалды. Қайтеді енді… Біз де бірдемесі болар деп үмітпен амалдауға тырысып жатырмыз», – деді.
– «Елімізде карантин күшейіп, базарлар қайта жабылуы мүмкін» деген сыбыс бар. Бұған қатысты не айтасыз? – деп сұрадым.
– Қала тұрғындарының басым бөлігі нәпақасын базардан тауып отыр. Онсызда қазір қарапайым халықтың жағдайы қиын. Қайта жапса, халық шыдай алмайды енді. Бала-шағасын қалай асырайды?, – деп сөзін аяқтады. Арықарай мен де қазбалап сұрай бермей, өз жұмысыммен кеттім. Кетіп бара жатып Абай атамыздың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі еріксіз еске түсті…
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.