12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ ҚАЛАЙ ӨНДІРІЛЕДІ?

Егер жәбірленуші тараптың автокөлігі банкте кепілде болса,сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемi өндірілуге жата ма?
– «Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 нормативтік қаулысының 35-тармағымен бекітілгендей, егер кепіл мүлкін ерікті сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып банк тағайындалса және қарыз алушы сақтандырылған тұлға бола отырып, осы талаппен келіскенін жазбаша білдірсе, онда ол сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін өз пайдасына немесе пайда алушы – банк пайдасына жүзеге асыру туралы талап қоюға құқылы болмайды. Мұндай құқық пайда алушы ретінде банкке ғана тиесілі болады. Егер банк пайда алушы ретінде аталған талаптарды мәлімдемесе, қарыз алушы да зиян келтірушіге мүлікке келтірілген залалды, егер ондай болса, өтеу туралы талап қою құқығы қалады. Бұдан басқа, сақтандырылған адам сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына шағымдану құқығынан айырылмайды.
Егер банк пайда алушы ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды талап ету бойынша өз құқығын сақтандырылған адамға берсе, сақтандырылған адам оның жазбаша расталуын ұсынуға тиіс.

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...