12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Айқын ҚОҢЫРОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: «БАҒА БАҒЫНАР ЕМЕС»

Әлемді жайлаған індет пен экономикалық дағдарыс шығындары тұрғындардың иығына ауыр салмақ салды. Елімізде халықтың нақты табысы құнсызданған уақытта азық-түлік құны ақылға сыймайтын деңгейде өсіп кетті. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға артты.
Олардың ішінде әсіресе, Қазақстанның өзінде өндірілетін тауарлар құны айрықша қымбаттап кетті. Мәселен, нан-бөлке өнімдері 14 пайызға, ұн 22,9 пайызға, жарма 33 пайызға, картоп 26,6 пайызға, жұмыртқа 13,9 пайызға, май 15 пайызға, ет және ет өнімдері 13,5 пайызға қымбаттады. «Халық коммунистері» фракциясы азық-түлік инфляциясы өте өткір әлеуметтік-экономикалық проблема болып отыр деп есептейді.
Бұл түйткілді жағдайды дәстүрлі жолмен шешу мүмкін емес. Тамыз-шілде айларының аралығында азық-түліктің бөлшек саудадағы айналымының құны 2 триллион 158 миллиард теңгеге жетті. Тіпті, бағаның ресми өсу қарқыны артқан осы 7 айда үй шаруашылығында азық-түлікке қосымша 225 миллиард теңге жұмсалыпты. Тұрғындардың нақты табысының азаюы барысында бұл тағам өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін құрбандыққа шалып, үнемдеуге мәжбүр етеді. Екінші тоқсанда тұрғындар табысының ішінде азық-түлікке кеткен шығын рекордтық 56,4 пайызға жетті. Қазақстандықтар азық түліктің қымбаттауы себебінен тамақ ішуді азайтты. Шын мәнінде биыл онсызда қауіпке тігілген ұлттың, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығы тамақтың сапасына тікелей байланысты. Бұл алдағы күз қыс айларында болатын тәжвирусының екінші толқыны қарсаңында өте өзекті мәселе. Тұрғындардың көбінің азық-түлік қоржыны нашарлап барады. Құзырлы ұйым азықтүлік бағаларының инфляциясы проблемасын тауар өткізуші жүйе арқылы шешпек. Мұндай шараның тиімділігі тез арада көрінбейді, өйткені, орталықтар 2022 жылдың аяғында пайдалануға берілмек. Барлық күш пен қолдау тағы да өндіріс пен тұтынуға емес, делдалдық буынға бағытталып отыр. АӨК дамыту шаралары да тәжірибе көрсетіп отырғандай, әзірге азық-түлік бағасының қолжетімділігі мен сапасын шешпейді. Аграрлық өнеркәсіпті жетілдіруге қандай көлемде қаржы салынса да халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету артып, инфляцияның төмендеуіне ықпал етпейді. Бұл салада нақты шара керек. Сондықтан «Халық коммунистері» фракциясы АӨК-ні дамыту жобасы аясында «Барлық қазақстандықтар  үшін қолжетімді сапалы тағам» деген ұлттық бағдарлама жасалуы қажет деп есептейді. Онда жекелей алғанда азаматтарға қазақстандық азық-түлік өнімдерін алу үшін арнайы купондар мен төлем карталарын шығару арқылы көмек жасау көзделу керек. Бұл тұрғындар тұтынатын тамақтың сапасын арттырумен қатар, отандық өндірушілерге тиімді қолдау жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақша күдікті жолдармен көптеген делдалдарға бармай, тұтынушылардың еркін түрде таңдау негізінде нақты өндірушілерге, қайта өңдеушілерге түсетін болады. Мұндай бағдарламаның қабылдануы қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА
«Заң газеті»

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.