12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ТАСПАДАҒЫ» ТІЛЕУХАН МЕН БАС ҚАЛАДАҒЫ ТІЛЕУХАН

Ақиқат пен аңыз
Депутат Бекболат Тілеухан жайлы қауесет көп. Біраз уақыт бұрын өзіне сын айтқан адамды «қарғысына» қосып әлеуметтік желіні шулатқан халық қалаулысы енді қару сатуға қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Көпшілікке қолжетімді болған бұл видеоға қатысты пікір білдірмеген адам аз. Бейнежазбада ер адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге қару саудалағанын, оған Бекболат Тілеухан қолдау көрсеткенін айтқан. Бұл – үлкен айып. Мұндай сөзді ешкім жайдан-жай айтпаса керек. Қанша дегенмен бұл жерде жалғыз депутаттың бейнесіне көлеңке түсіп тұрған жоқ, сонымен бірге бүкіл заң шығарушы құрылымның, Парламенттің атына кір келуде. Ендеше, әлеуметтік желідегі таспа зерделеніп, оған қатысты Парламент, Ұлттық қауіпсіздік комитеті нақты жауап беруі тиіс. Ал Бекболат Тілеухан өзін айыптаған бейнежазба авторларының үстінен Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігіне шағым түсіргенін және өзіне жала жабылғанын айтып отыр. «Видеоны көрдім, өте жақсы спектакль жасаған. Бір адам ұсталып, сол жауап беріп отырған сияқты. Адамдардың аты-жөнін айтады. Жала болғанда да, қисынға келмейтін нәрсені айтқан. Осы мәселеге байланысты менің абырой-беделіме нұқсан келтірген адамдарды табуды, видеода аты аталған барлық тұлғаны анықтауды ұлттық қауіпсіздік қызметінен, басқа да құқық қорғау органдарынан өтінемін», – дейді депутат.
Осы жағдайға байланысты бірнеше сауалға жауап алмақ болып халық қалаулысына хабарласқан едік. Бірінші қоңырауды қабылдаған көмекшісі тек Ұлттық спорт қауымдастығына қатысты мәселелер бойынша жауап беретінін айтты. Ал екінші көмекшісі: «Бекболат Тілеухан өтірік видеоға не деп жауап береді?» – деп өзімізге қарсы сұрақ қойды. Сонысына қарағанда, депутат қоғам тарапынан қойылған сауалдардан шаршап, құзырлы орындардың айтарын күтіп отырған сыңайлы.

Абзал ҚҰСПАН, адвокат:
– Бекболат Тілеуханға қатысты видеоны фейсбук әлеуметтік желісі арқылы көрдім. Аталған видеоны жан-жақты тексеру керек. Өйткені жасалған мәлімдеме өте салмақты, жауаптылығы зор. Мәселен, осы күнге дейін жеке бас араздығы үшін бір-бірімен өштесіп, әлеуметтік желілерде неше түрлі жазба қалдырып жүргендерді талай көрдім. Бірақ дәл мынадай деңгейде видео таралғаны есімде жоқ. Атыс құралдарын сату, шетелге шығару – аса ауыр қылмыс түрі. Мұны бір ғана адам жасай алмайды. Бұл жерде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің де аты аталып жатыр. Соған орай істің ақ-қарасын анықтауға Ұлттық қауіпсіздік комитеті сөзсіз араласып, қандай шешім қабылдағанын ашық жария етуге міндетті. Ал бізде аталған ұйым өте жасырын жұмыс жасайды. Мүмкін, ол дұрыс та шығар. Олар жариялылықтан гөрі, құпия жағдайда жүргізілетін жұмыс қой. Бірақ мына жерде мәселе күрделірек. Таспа қоғам талқысына түсіп кетті. Бұл жағдайда депутаттар корпусы да үнсіз қалмау керек. Одан бөлек «ұлттық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп бар ма, жоқ па?» деген мәселе де қозғалу қажет еді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1995 жылғы 21 шілдедегі №4 нормативтік қаулысы бойынша атыс қарулары, оқ-дәрі саудасы азаматтық айналымнан шектелген заттар болып саналады. Мұндай қылмысқа қатысы барлар кем дегенде Қылмыстық кодекстің 291-бабының 4-тармағымен жауапкершілікке тартылады. Жалпы, қару-жарақты кез келген адам алып, сатып жүре алмайды. Мұнымен арнайы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бағынышты мемлекеттік мекеме ғана айналысады. Одан бөлек бір мемлекеттің шекарасына арнайы тексерістен өтпей, қару өткізу тұрмақ, сіз өзіңіз өте алмайсыз. Сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде тексерілуі керек. Енді жала жабуға келетін болсақ, бұрын Қылмыстық кодекстің 130-бабына сәйкес «Жала жабу» бойынша іс қаралатын. Ал биылғы жылдың маусым айында Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен аталған бап алынып тасталды. Демек, жасалған іс-әрекет қолдан ұйымдастырылған жала болған күннің өзінде оған ешқандай қылмыстық жауапкершілік көзделмеген. Мұндай іске қатысы барлар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жазаға ғана тартылады. Сонымен қатар егер аса ауыр қылмыс жасады, жала жапты деп танылған жағдайда 73-баптың 3-бөлігімен жауапкершілік көзделеді. Әкімшілік жазаның ең ауыр түрі 25 күн қамауға алу немесе 200 АЕК көлемінде айыппұл салуға алып келеді.

Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...

ЗОЛОТОЙ МОСТ МЕЖДУ НАРОДАМИ

Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов посетил Казань в рамках официального...

КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОХРАННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

В Казахстане планируют ужесточить государственный контроль над частными охранными...

АСПЕКТЫ РАЗВОДА С ИНОСТРАНЦЕМ

Вступление в брак с иностранным гражданином – это другой...

СФЕРА АРХИТЕКТУРЫ И ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВА

Одной из категорий споров, рассматриваемых административными судами, являются дела...