12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Апорт жойылудың алдында тұр

Алматының маңындағы алма бақтары кесіле бастаған соң табиғат аясында өсіп тұрған апортты кезіктіру мүлде мүмкін болмай қалды. Бұл жағдай тек Алматының айналасында ғана емес, апорт алмасын өсіруге ең қолайлы аймақ саналатын Алматы облысының барлық жерінде көрініс тауып отыр.

«Апортты жаңғыртуға қатысты барлық бағдарлама тек сөз жүзінде қалып отыр. Өнім алу үлкен тәуекелді қажет соңғы жылдары оны өсіруге бизнес ғана емес, жеке адамдар тарапынан да қызығушылық өте төмен. Өйткені сапалы көшет дайындайтын әлі күнге дейін елімізде бірде-бір тәлімбақ жоқ. Бүгінде «мата даңқымен бөз өтеді» дегендей, түсі қызыл және жемісі ірі алманың бәрін апорт деп қабылдайтын адамдардың саны өте көп», – дейді «Сингента Қазакстан» компаниясының сауда жөніндегі менеджері Данияр Абжанбаев. Тәжірибелі агрономның айтуынша, Алматының ғана емес күллі Қазақстанның бренді саналатын апорт алмасын дамытуды мемлекет өз қолына алмаса, жағдай түзелмейді. Халық апорт туралы аңызды естіп ғана қоймай, оны өз көзімен көріп, дәмін татып, қадірін білу үшін мемлекет арнайы бағдарлама жасап, оны жүзеге асыруды өз қолына алуы тиіс. Арнайы шаруашылықтар құрып, оны ғылыми негізде жүргізіп, жүйелі түрде қаржыландыру мәселесі шешілмесе барлық ұсыныс-тілектер айтылған жерінде қалып, оны ешкім жүзеге асырмайды. Апортты сақтап қалу және жаңғырту тек алманың отанында ғана жүзеге асатынын құзырлы органдар жадынан шығармауы тиіс. Өйткені апорт көшетін егіп, одан жеміс алу үшін он жылға жуық уақыт керек. Ал бұған жеке азаматтардың да, кәсіпкерлердің де мүмкіндігі жоқ. Оларды ынталандыру үшін, мемлекет тарапынан сапалы көшет дайындауға және өсіріп, күтіп-баптап, ауру-сырқаудан қорғау үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, білікті мамандарды осы іске жұмылдырудың тетіктері ойластырылуы қажет.

(Еліміздегі алма бақтарының қазіргі жай-күйі мен оның жойылуына түрткі болып отырған аурулары туралы толық материалды «Заң газетінің» алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар).

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...