12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

БҰЛТ АРТЫНАН КҮН ШЫҒАР…

15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимін жариялады. Содан бері қоғамда көп нәрсе өзгерді. «Заң газеті» түрлі саладағы мамандардан індеттің қазақ қоғамына қалай әсер етіп, не өзгерткенін сұрады.

Алматы қаласы Бостандық аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ұлан Аскербекұлының айтуынша, коронавирус індеті мүмкіндігі шектеулі жандарға қатты әсер еткен. «Әлемді жайлаған індет елімізді біраз әбігерге салды. Себебі бұл кезеңде көптеген кәсіпорындар жұмысы тоқтап, халықтың өмір сүру деңгейі төмендеді, жұмыссыздар саны артты. Әсіресе коронавирус індеті мүмкіндігі шектеулі жандарға қатты әсер етті. Жұмысымыз тоқтап, жыл басынан бері алға қойған мақсаттарымыздың 70%-ы орындалмады. Сонымен қатар есту және сөйлеу қабілеті бұзылған мүгедектерге індеттің тигізген зардабы көп болды. Есту, сөйлеу қабілеті бұзылған жандар адамдардың сөйлегенін еріндеріндегі қимылдары арқылы түсінеді. Ал адамдар маскамен жүргеннен соң, бұл қиындық туғызды. Одан бөлек мүгедектерге арналған таксилер де өз қызметін тоқтатты. Бұл да бізге қиындық туғызды. Дегенмен «бұлыңғыр күннің артынан бұлтты түре күн шығар» демекші, бұл күндер де артта қалып, баз қалпымызға оралатынымызға сенемін, – дейді инклюзивті қоғам өкілі. Ал, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, журналист Анар Төлеуханқызының пікірінше, коронавирус індеті қазақ қоғамына үлкен ой тастады. «Қазақ қоғамына індет үлкен ой салды. Адам баласы өзінің пенде екенін, жаратушының алдында әлсіз жаратылғанын еске салды. Біріншіден, адамға берілген нығмет: иіс сезу мен дәм сезудің құдіретін ұғындырды. Тағамның тәттілігіне марқайып жүрген адамды індет дәм сезу қабілетінен айырды. Екіншіден, адамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Әрине, барлығына бірдей жауапкершілік сана-сезіміне жеткен жоқ. Бірақ көпшілігі өзін сақтау арқылы, өзгенің денсаулығына зиян келтірмейтінін түсінді. Тіптен ысырапшылдықпен өтетін дүбірлеген тойдың орнына, онлайн курьер арқылы сырғаны беріп жіберіп, қызды алып кетуге төрт-бес адам барып, сол адамдардың айналасында ғана бет ашып жатқан жағдайлар болды. Бұл жақын болатын құдандалы жақты да, өзін де аурудан сақтайын деген үлкен жауапкершілік. Дегенмен халықты жинап, дүбірлетіп той жасағандар да болды. Ал ол жерге барған қаншама адам ауру жұқтырып, арты қайғылы аяқталғанынан халық хабардар», – дейді Анар Төлеуханқызы.

Шындығында, мұның бәрі сенімсіздіктен туындаған мәселе еді. Ең басында экс-бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин 10 наурызда коронавирустың елге келуін болжай отырып, «наконец-то» деген сөзді қолдану арқылы халық арасында сенімсіздік туғызды. Кейін «менің туысым коронавируспен ауырған жоқ, мұндай ауру жоқ» дейтіндер мен «коронавирус – саясат» дегендер саны көбейді. Бірақ соңында мұның бәрі сабақ боп тиді. Бұл туралы Анар Төлеуханқызы: «Әлемде болып жатқан оқиғалар қазақтың салт-дәстүріне де өзгеріс енгізу керек екенін көрсетті. Мың адам немесе бес жүз адам шақырып, той тойлау емес, жақындарымызға жанашыр болу қажет екенін ұғындырды. Одан өзге пандемиядан біз ұлттық, рухани әлеуетімізге зор соққы алдық. Қаншама ғалымдар, академиктерден, өнер мен заң саласындағы адамдардан, мықты әрі білікті мамандардан айырылып қалдық. Мысалы, композитор Кеңес Дүйсекеевтің, дизайнер Берік Исмаиловтың, композитор Жалғас Кеңестің, тіптен айырылып қалған мықты дәрігерлердің орнын кім толтырады? Сондықтан пандемияның үлкен сабағы – аз ұлттар өзін сақтау үшін қандай да болсын шектеулерге, үкімет тарапынан, өз тарапынан болсын сақтанудың амалын қарастыруда өзіне бекем болулары керек. Ұлтты сақтау үшін қандай амал керек болса, соны сақтау қажет», – дейді.

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША, ЕЛІМІЗДЕ 105 944 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ. 18 МИЛЛИОН ХАЛҚЫ БАР ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН АЗ КӨРСЕТКІШ ЕМЕС. НЕ ДЕСЕК ТЕ, ДӘЛ ҚАЗІР БІР-БІРІМІЗДІ ТЫҢДАП, САБЫРЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫМЫЗ ЖӨН. АЙТУҒА ОҢАЙ… ДЕГЕНМЕН ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ БІРІКСЕ, ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАДЫ.
Ақбота ЕРБОЛҚЫЗЫ

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.