12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қостанай әкіміне масканы иегіне дейін түсіріп қойғаны үшін айыппұл салынды

Сот Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркеновке маскасын иегіне дейін түсіргені үшін 27 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Бұл сәуір айында елде төтенше жағдай режимі болған кезде болды. Әкімнің орынбасары тұрғындармен сөйлескен кезде бетпердесін түсірді. Құқық бұзушылық сәті әлеуметтік желілердің қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Полиция хаттама жасап, іс сотқа жолданды. Шенеунікке 10 АЕК — 27780 теңге айыппұл төлеуге міндеттелген. Төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін прокурорлардың айтуы бойынша Рүстем Қаркенов айыппұлды төлеуден босатуды сұрады. Бірақ прокуратура аппеляциялық шағым түсіріп, әкімнің орынбасары айыппұлды төлеуге мәжбүр.

«Негізінде, мен бетпердені шешкен жоқпын. Сотта мән-жайдың бәрін айттым, басқа ештеңе айта алмаймын. Негізінде, егер мұндай шешім қабылданса … Бірақ менің пікірім — біржақты көзқарас», — деп түсіндірді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов.

Көшеде маскаларды міндетті түрде киюді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері 29 шілдеде мақұлдады. Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 30 АЕК — 83340 теңгені құрайды.

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...