12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АУЫЛДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНДЕР ҚАЖЕТ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ХАЛ-АХУАЛЫНЫҢ БІРДЕН-БІР КӨРІНІСІ ОЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАМҚОРЛЫҚ БОЛСА КЕРЕК. БҰЛ ҮШІН АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН, ОНЫҢ МҮМКІНДІГІН ЖЕТІЛДІРУ ҚАЖЕТ. УАҚЫТЫНДА ОСЫ ЖӨНІНДЕ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ИРИНА СМИРНОВА ДА ҮКІМЕТКЕ АРНАЙЫ САУАЛ ЖОЛДАП, АУЫЛДАРДАҒЫ ДӘРІГЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ ӨЗ ҰСЫНЫСТАРЫН ТӨТЕСІНЕН ҚОЙҒАН ЕДІ. АЛАЙДА ӘЗІРГЕ ЕШ НӘТИЖЕ ЖОҚ.

Депутат Ирина Смирнова бұл жағдайдан шығудың бірқатар жолдарын айтады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде біздің елімізде жүзеге асыруға болатын бірқатар шаралар бар. Оның бірі – ұтқыр медициналық кешендер жобасы. Озық технология мен замануи жабдықтардан тұратын бұл құрыл­ғылар тұрғылықты жерде обыр сияқты анықталуы қиын сырқат түрлерін ерте бастан диагностикалауға мүмкіндік береді. Сол секілді емделушілерді дәрілік заттармен қамтамасыз етудің орталықтандырылған автоматтық жүйесі электронды рецептер мен ваучерлік төлем жасау арқылы мемлекет кепілдендірілген қызметті әрбір азаматқа жақындата алады. Бұл, әсіресе, ауылдық жерде дәріхана ашу үшін қажет қаражатты тиімді пайдаланудың мүмкіндігі. Онда мәселен, лицензия алу, фармацевтер мен провизорлар ұстаудың қажеті жоқ. Жоба бұл қызметтің
ашықтығын қамтамасыз етеді, дәрілердің дұрыс сақталуына, сапалы дәрілердің дер кезінде босатылуына, мерзімі өтіп кеткен препараттардың саудаға түспеуіне де оң ықпалы бар. Ауыл дәрігерлерін қолдау, оларға oнлайн режимінде кеңес беру арқылы біліктіліктерін арттыруға көмектесетін жобаны да енгізу өте қажет. Азаматтардың географиялық мәліметтерін жинақтау, олардың денсаулығына қатысты мағлұматтардың сақталуын, жүйелілігін қамтама­сыз ету үшін де IT техонлогиясын кеңінен пайдалану қажет. Депутаттың пікіріне алып-қосарымыз жоқ. Бұл жобалардың іске қосылуы қазіргідей қиын кезеңде ауыл тұрғындары үшін үлкен көмек болар еді. Әсіресе, әр өңірге бір-бірден жылжымалы дәріхана жіберу бүгінгі таңда өзекті.
Саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, ауылдарда бұл жобаларды іске қосудың Қазақстан сияқты елде еш қиындығы жоқ. Кеңестік кезеңде жылжымалы денсаулық қызметі әр елді мекенге, тіпті шопандар ауылдарына да жетіп тұрған. Қазіргі таңда жұмысты осылай ұйымдастырып, елдің әрбір азаматы үшін қолжетімді етуге тек біздің менеджерлер қабілетсіз. Әйтпесе, қаладай емес, ауылдарда денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастырудың мүмкіндігі кең. Бізге алдымен іс тетігін білетін мықты кадрларды тиісті орындарға қою керек. Сонда ғана бұл мәселелер шешімін табады.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА
«Заң газеті»

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...

ЗОЛОТОЙ МОСТ МЕЖДУ НАРОДАМИ

Председатель Мажилиса Ерлан Кошанов посетил Казань в рамках официального...

КОНТРОЛЬ В СФЕРЕ ОХРАННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

В Казахстане планируют ужесточить государственный контроль над частными охранными...