12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Құқықтық сауатты болу — уақыт талабы

Еліміз тәуелсіз құқықтық мемлекет болғандықтан басты шарттарының бірі — заңдылықты сақтап, оған бағыну. Тәртіпке бағыну елімізде тұрып жатқан кез келген азаматтың міндеті. Сондықтан, мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықпен күресу, қарапайым халықты заң ережелерін сақтауға үйрету құқық қорғау органдарымен қатар, сот органдарына да жүктелген.

Соңғы уақытта азаматтық істерді қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Десек те, сот әділдігі жүйесін жетілдірудің бар мәселелері толықтай шешілді деуге келмес. Оның үстіне заман өзгеріп, қоғам өркениеттеніп, экономика дамыған сайын қолданыстағы заңдар да ескіріп, өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жататыны тағы бар. Ол заңды құбылыс. Кезінде Елбасы бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам » Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін жаңа заңнамалық актілерін қабылдау қажеттігін, оның ішінде Азаматтық іс жүргізу кодексі де бар екендігін айтқан-ды. Нәтижесінде Елбасының тапсырмасын орындауда жаңа мәтіндегі Азаматтық іс жүргізу кодексі қабылданды. Ескірген заңнамалар қолданыстан алынып, есесіне жаңа талаптар енді. Енді құқық қорғау органдары мамандары емес, қарапайым халықтың да онымен танысуына тура келді. Алайда, мемлекетімізді мекендеген әрбір тұрғынның барлығы бірдей құқықтық сауатты дей алмасымыз анық. Оны күнделікті жұмыс тәжірибесінен көзімізбен көріп те, байқап та жүрміз. Тіпті, арыз-шағымды қай жерден, қалай беру керектігін де білмей, мамандардарға жүгініп жатады. Осындай жайттарды ескере келе шағымданушыларға титтей де болса, қолұшын беруді ойлап, қолданыстағы заңнамадан түсінік бере кетуді жөн көрдік. Алдымен қарапайым халықтың сот заңға сәйкес, азаматтық істерді қарау және шешу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының, еліміз конституциялық заңдарының, Азаматтық іс жүргізу кодексінің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолдануға жататын халықаралық шарттарының талаптарын сақтай отырып, қызмет корсететінін білгені абзал. Бұған қосымша, кодексте немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сиымды өлшемшарттарын негізге ала отырып шешетінін де айтқымыз келеді. Сонымен, қолданыстағы жаңа кодекстің 4-бабына өзгеріс енгізіліп, онда азаматтық іс жүргізу міндеттері былайша нақтыланды: азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру, азаматтық айналымда, жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық әрі уақытылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға , сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылатындығына аса мән берілді.

Сонымен қатар, аталмыш кодекстің 15-ші бабына өзгеріс енгізіліп, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы туралы нақты мәлімет айқындалды. Онда тараптарға қатысты тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше және соттан, іске қатысатын басқа да адамдардан тәуелсіз таңдай алатындығы айтылған. Қазіргі таңдағы қолданыстағы Азаматтық іс жүргізу кодексінің заман талабына сай жаңарып, лайықталғанын ескерсек, дауды бейбіт жолмен шешу мәселесіне де айрықша көңіл бөлінгенін көреміз. Бұл жайында Азаматтық іс жүргізу кодексінің 24-бабында тілге тиек етіледі. Онда Соттың ведомстволығына жататын, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау-жанжал тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен шешілуі немесе бұған заңда тыйым салынбаған кезде, төреліктің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына берілуі мүмкін екендігі нақтыланған. Және де заңнаманың сот сараптамасын тағайындау туралы айтылатын 82-бабына да өзгеріс енгізіліп, сот сараптамасын сот тараптың өтінішхатымен немесе өз бастамасымен тағайындайтындығы, сондай-ак, тараптың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың жазбаша дәлелдеменің бұрмалануы туралы арызына сот тиісті сараптама тағайындауға құқылы екендігі, әрі сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкіндігі белгіленген. Тіпті, жаңа кодексте азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға болатындығы да айтылып отыр.

Тағы бір басты өзгерісі ретінде айта кетерлік жайт, тегін заң көмегін көрсету жайы. Ол 112-бапта кең түрде көрсетіліп: іс қаралғанда асыраушысынан айрылуына байланысты зиянды өтеуге қатысты дауларда талап қоюшыларды, жұмыс барысында денсаулығының зақымдануынан не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы дауларға талап қоюшыларды, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, әрі соған теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер, заңға сәйкес ақталған, тағы да басқа адамдарға олардың зиянын өтеу жөніндегі дауларға талап қоюшыларды заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге орай шығыстарды өтеуден толық босатуға жәнембюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндеттілігі түсіндірілген. Аталмыш кодексті мемлекетіміздің әрбір азаматының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға негізделген маңызды құжат деп толықтай айта аламыз. Заңды білу заман талабы, ал, құқықтық сауатты болу, ол — уақыт талабы.

Ерлан НУРАЛИЕВ, Алматы қалалық сотының судьясы

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...