Жаздың басты жаңалығы! ЭЦҚ-ны пайдалану үшін NCALayer орнату керек емес!

Достар, бұл жаңалықты бәріміз күттік!
Ендігі уақытта ЭЦҚ-ны пайдалану үшін компьютеріңізге арнайы бағдарлама орнатудың және ЭЦҚ сақталған флешкаларды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті болмайды. Жаздың соңына дейін цифрлық даму министрлігі электрондық қолтаңбаның жаңа түрін – бұлтты ЭЦҚ-ны қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

Қазір бұл бағытта қандай жұмыстардың атқарылып жатқаны туралы министр Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Жаңа ЭЦҚ-ның басты ерекшеліктері: оны қолдану үшін NCALayer қажет емес, ал қолтаңбаның өзі қорғалған серверде сақталады. Сондықтан сіз оны ешқашан жоғалтпайсыз, және оны сізден басқа ешкім пайдалана алмайды.

Сонымен қатар, электрондық қолтаңбаны бейнеидентификациядан өткен соң және пароль енгізу арқылы қолдана аласыз. Ал қызметтерді алу кезінде жүйе сервердегі сіздің ЭЦҚ-ңызды автоматты түрде табады.

Сіз мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың трендке айналғанын сездіңіз бе?

@egovhelpkz

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...