12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта қысқарады

Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Қазақстанның кей өңірлерінде карантиндік шаралар қайта күшейтілуде. Азық-түлік және басқа да базарлар, жәрмеңкелер, қоғамдық тамақтану объектілерімен қатар ХҚО-лардың да жұмыс уақыты қысқарды.
Сонымен, бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша еліміздің 13 аймағында — Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларындағы ХҚО-лардың жұмыс кестесі қысқартылды. Ал Шығыс Қазақстан облысында ХҚО-ның жұмыс уақытына өзгеріс тек Семей қаласы бойынша енгізілді.
Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлері банк операторлары, дәрігерлер мен полицейлер секілді азаматтармен тікелей байланыста жұмыс жасап жатыр. Бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимдері қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында автокөлік иелерін мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырамыз. Бүгінде автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру онлайн режимде қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚО мамыр айында жұмысын қайта бастаған болатын. Пандемия жағдайында Азаматтарға арналған үкімет жұмыстың жаңа форматына көшуге мәжбүр болды.
Атап айтқанда, қазір ХҚО-лар электронды порталда қолжетімсіз «қағаз» түріндегі қызметтерді ғана көрсетеді. Қызмет алушыларды ХҚО-ға келуін алдын-ала egov.kz порталындағы арнайы сервис және и eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы брондауы қажет.

КОГДА ПРИШЛА БОЛЬШАЯ ВОДА…

ВЕСНА НАСТУПИЛА СТРЕМИТЕЛЬНО. АПРЕЛЬ ПРИНЕС В АКМОЛИНСКИЙ РЕГИОН НЕ...

ИСКОРЕНИТЬ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Глава государства на одном из заседаний Правительства указал, что...

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.