12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЕРКІНСУГЕ ӘЛІ ЕРТЕ

Төтенше жағдайға орай барлық мекеме, ұйымдар күнделікті жұмыс тәртібіне өзгеріс енгізгені мәлім. Мұндағы мақсат – азаматтардың себепсіз сыртқа шықпауын, артық қарым-қатынас жасамауын қамтамасыз ету. Сол арқылы пандемияның етек жайып, таралуына жол бермеу. Карантин талаптарын басшылыққа алған қазақстандық сот та жұмысына елеулі өзгеріс енгізді.

Сотқа арыз-шағымды «Сот кабинеті» бірыңғай сервисі арқылы жолдауға болатыны түсіндіріліп, онлайн-сот отырыстарын ұйымдастырудың алғышарттары жасалды. Себебі, әр судья күніне бірнеше іс қарайды. Әр іске қатысатын тараптардың да саны аз емес. Бір ғимаратта жиналып, күту залында бас қосатын олардың ауру жұқтыру қатері үлкен. Ондаған емес, жүздеген адам сапырылысып, тағдырлар тоғысатын бұл алаңнан бір сырқаттың табылуы баршасына қауіп. Режимді сақтау сол үшін маңызды. Дегенмен, бүгінгідей нақты істен гөрі ақпараттандыру қажеттілігі алға шыққан заманда кез келген жаңа бастаманы таныстыру, жаңашылдыққа не себепті барып отырғаныңды түсіндіру керек. Халық пен құрылым арасындағы байланысты нығайтып, сенімді арттыруда да бұл шараның көмегі көп. Сондықтан, Алматы қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы да төтенше жағдайға байланысты жұмыста қандай өзгеріс енгізгенін әлеуметтік желідегі парақшаларда, сайтта жан-жақты түсіндіруді қолға алды. «Сот кабинеті сервисінің қолданысқа түскеніне алты жыл өткенімен, сотқа ісі түспеген адамдар оның қандай жұмыс атқаратынын, қандай артықшылығы барын білмейді. Соған орай арыз-шағымдарды қашықтан жолдауға мұмкіндік беретін бірегей сервистің қызметі таныстырылды. Әрине, пандемия әлемді алаңдатып, төтенше жағдай енгізілгенімен, өмір жалғасып жатыр.

Өмір болған соң даудың да тоқтамайтыны қалыпты нәрсе. Дегенмен онлайн сот отырыстарын өткізу біздің сот ұжымымызға айтарлықтай салмақ түсірді деп айта алмаймыз. Арыз-шағымдар көп болғанымен, олардың бұрынғы тәртіптен ауытқымай дер кезінде қаралуына соттардың жаңа технологиялар ізгілігін жетік меңгеруі түрткі болғаны анық. WһatsApp желісін, «TureConf» бағдарламасын, бейнеконференция байланысын ұтымды қолданудың нәтижесінде кейінге қалған, кешіккен істер жоқ. Елімізде төтенше жағдайдың және карантинның аяқталуымен дереу тоқтатылған және кейінге қалдырылған істер бойынша смс-хабарлама мен талап арызда көрсетілген телефондарға істің қай уақытқа тағайындалғаны жөнінде ақпарат та тұрақты жіберіліп отыр. Басқа соттарға қарағанда жасөспірімдер ісін қараудың өзіндік ерекшелігі, қиындығы болатыны кім-кімге де белгілі. Мәселен, кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау мақсатында істер жабық сот отырысында өткізіледі. Қашықтан сот отырысын ұйымдастыру кезінде бұл талап та сақталды. Қазіргі кезде төтенше жағдайдың алынуына орай, карантинтік шаралар біршама әлсіреді. Соған орай Алматыдағы көп мекеме, сауда орындары қалыпты жұмысына қайта оралды. Мұны көрген азаматтар «базарлар мен дүкендер жұмыс істеп тұрғанда неге соттар әлі қашықтан қызмет етіп отыр?» деп сауал жолдауда. Шындап келгенде, бұл шектеу азаматтардың қауіпсізідігі үшін қажет. Коронавирус жұқтырғандар қатары әлі де көбейіп жатыр. Сондықтан, ортақ тәртіпке бағынып, азаматтарды пандемиядан сақтауға тырысқан жөн.
Саида БОЛАТ,
Алматы қаласы кәмелетке
толмағандар ісі жөніндегі
мамандандырылған
ауданаралық сотының судьясы

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...