12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шарттық міндеттемелер орындалуға міндетті

Азаматтық заңдар азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асырып, нұқсан келсе оны қалпына келтіреді және соттың қорғауын қамтамасыз етеді. Азаматтық құқыққа әрбір адам мен заңды тұлға ие, заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе құқықтарынан бас тарта алады. Сонымен қатар, олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтап, кез келген талапты заң аясында белгілеуге ерiктi. Бұл тақырыпты қозғап отырғанымыз, көп жағдайда азаматтар келісім шарттағы міндеттеріне немқұрайдылық танытып жатады. Сондықтан, халыққа шарттық қатынастар мен ондағы міндеттер жауапкершілігінің жоғарылығы жайлы айту артық болмас.

Алдымен шарт, шарттық міндеттемелер ұғымына тоқталсақ, шарт – екi немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттерін белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi. Ал, шарттық міндеттемелер шарттан туындайды. Шарттың басты қағидасы – еріктілік. Яғни, шарт ешкімнің мәжбүрінсіз, тараптардың келісімімен ғана жасалады. Тараптар өзара келісімдерімен шартқа қалаған жайттарды енгізе алады. Негізінен шарттар екі жақты және көпжақты түрде жасалады. Көпжақты шартқа бірнеше тарап қатысқандықтан, келісілген еріктеріне орай құқықтық салдар туындайды. Екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн мән-жайдың салдарынан бiреуiнің мiндеттеменi орындауға мүмкiншiлiгі болмаса, заң құжатында немесе шартта өзгеше көзделмегендiктен, оның орындалуын ешқайсысы талап ете алмайды. Мұндай жағдайда тараптардың әрқайсысы өзi орындағанды қайтаруды талап етуге құқылы. Шарт ақылы және ақысыз жасалуы мүмкін. Егер шарт бойынша тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақы немесе қандай да бiр өтем алуы керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Шарттың орындалуы екіжақты келiсiлген баға бойынша төленедi. Ал, заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға қолданылады.

Егер заңдарда немесе шартта оның қолданылу мерзiмi көзделсе, осы мерзiмнiң аяқталуы, тараптар мiндеттемелерiнiң тоқтатылуына әкеледі. Ал, қолданылу мерзiмi көрсетiлмесе онда белгiленген мiндеттемелер орындалып біткенше жарамды болады. Шарт мерзiмiнiң аяқталуы тараптарды мерзiм бiткенге дейiн орын алып келген шартты бұзғандық үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.

Сотта шарттың мазмұн-мақсатына, оны жасасу алдындағы мән-жайларға айрықша назар аударылады. Егер шарт жасасу үшiн заң құжаттарына сәйкес мүлiктi беру қажет болса, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi. Шарт жасасу кезiнде туындаған келiспеушiлiктер өзара келiсіммен сотқа берілсе, оның тараптар келiспеген ережелерi сот шешiмiне сәйкес белгiленедi. Тағы бір айта кетерлігі, заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiліп, бұзылады. Шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныстан екiншi тарап бас тартса, яғни, заңда көзделген мерзімде тиісті жауап ала алмаған жағдайда ғана шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдейді. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады. Ал, өзгертiлген кезде мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi. Тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал, шарт сот тәртiбiмен бұзылып, өзгертiсе сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi. Егер шарттың бұзылып, өзгертілуіне бір тараптың жауапсыздығы негіз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған, заңға сай, банкрот деп танылған, шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайларда жол берiледi. Келісім шарттар оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болып табылады.

Гүлім Мұқанова,

Жетісу аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...