12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ӨЗЕКТІ

АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ БОЛУЫМЕН ҚАТАР, ӨЛІМГЕ ДЕЙІН СОҚТЫРАТЫН АУРУДЫҢ ДА КӨЗІ. ҚАЗАҚ СОНАУ БАРЛЫҚ АУҚАТ ТАБИҒИ ТҮРДЕ ӘРІ ТАЗА ДАЙЫНДАЛАТЫН КЕЗДІҢ ӨЗІНДЕ МҰНЫ ЕКІ АУЫЗ СӨЗБЕН «АУРУ АСТАН» ДЕП ТҮЙГЕН. ҚАЗІР ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫ ТЫМ КҮМӘНДІ БОЛЫП ТҰРҒАН ШАҚТА БҰЛ ТҰЖЫРЫМНЫҢ МАҢЫЗЫ БҰРЫНҒЫДАН АРТПАСА КЕМІГЕН ЖОҚ.

Статистикалық деректерге көз салсаң жаның түршігеді. Қауіпсіздік талаптары сақталмаған, яғни, ауру тудыратын бактерия, вирус, паразиттер, немесе зиянды химиялық заттардан тұратын азықтүліктер диареядан бастап, оба дерттеріне дейінгі 200 ауруды тудырады екен. Ұсақ ағзалар немесе химиялық заттармен ластанған азық-түлікті қолдану салдарынан жыл сайын әлемде 600 мың, яғни әрбір оныншы адам ауырып, 420 мың адам қайтыс болады. Әлбетте қауіпсіздік талаптарына сай емес азық-түліктің экономикаға кері әсері де аз емес. Бұл жағдайдың салдары еңбек өнімділігін азайтып, медициналық шығындарды да арттыра түсуде. Мәселен, табысы төмен және орта деңгейдегі елдер жыл сайын осы азық-түлік қауіпсіздігінің сақталмауынан жоғалтатыны 110 млрд АҚШ долларына тең екен.
Ең өкініштісі азық-түлік арқылы пайда болатын аурулар азабын тартушылардың 40 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 125 мың баланың ажал құшуына осы жағдай себеп. Мамандардың айтуынша, мұның өзі болжамды көрсеткіш. Нақты жағдайдың сипаты бұдан әлдеқайда күрделі болуы әбден мүмкін. Өйткені, азық-түлік арқылы пайда болатын аурулардың денсаулыққа, тұрғындардың әл ауқатына және экономикаға зияны көбіне өз деңгейінде бағаланбайды. Бұған сапасыз азық-түлік салдарынан пайда болатын аурулар көрсеткішінің төмендетіп көрсетілуі және азық-түліктердің контоминациялары арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтаудың қиындығы да ықпал етуде.
Ал, әлемдегі тұрғындар санының өсіп,азықтүлікке деген сұраныстың артуына орай өсімдік пен ауыл шаруашылығы секторларын интенсивтендіру мен индустриаландырудың қарқын алуы, климаттың өзгеруі азық-түлік өнімдерінен пайда болатын аурулар санының көбею мүмкіндігін көрсетіп отыр. Мұның сыртында урбанизация мен адамдардың тұтынушылық салтының өзгеруі, туризмнің таралуының да кері әсері аз емес.
Әсіресе бүгінде қоғамдық орындарда тамақ сатып алып, ішіп-жеудің көбеюі бұл қаупімізді қоюлата түседі. Өйткені, нақ осындай жағдайда соңғы он жылдықта әрбір құрлықта ауру тарап, мыңдаған адамдар өмірін жалмаған. Соның бір мысалы пайдалануға дайын еттегі бактериялардан 1060 адам уланып, 216 адам қайтыс болған Оңтүстік Африкадағы оқиға. Кейбір азық-түлік құрамындағы заттардың салдарынан ажал ауылына басқа аурудың атымен кетіп жатқандар қаншама. Мәселен, тек қана сүт өнімдері құрамындағы пальма майы вена мен артерияларды түйіршектерге толтырып, тарылтып тастайды екен. Осының салдарынан адамдар атресклероз, қанның ұюы дертіне шалдығып, инсульт пен инфаркт алуда. Дүниежүзі бойынша олар өлімге апаратын үш дерттің қатарында тұр. Ал, Қазақстанда жылына 40 мыңнан астам адам инсульттен зардап шегеді. Бүгінге дейін олардың 40 пайызы қайтыс болса, 50 пайызы мүгедек болып қалған. Ең өкініштісі онымен соңғы жылдары 15-20 жастағылар да ауыра бастаған. Әрине, жастардың мұндай дертке шалдығуына аталмыш сүт өнімдерінде қолданылатын пальма майы себеп болып отырғаны анық. Мұның сыртында сақталу мерзімі, дәмі түрлі химиялық заттармен ұзартылып, күшейтілетін азық-түлік түрлері тудырып жатқан дерттер де аз емес екені даусыз. Бірақ оның нақты деректері жоқ. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, бұл көрсеткішті анықтауға тиісті деңгейде дүниежүзі бойынша мән берілмейді.
Қазақстанда бұл шара қайдан жүзеге ассын?! Осы ретте өткен бейсенбіде Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Мұратбай Жолдасбаевтың Денсаулық сақтау кодексі талқыланған сәтте айтқан сөзі тиісті орындарға қозғау салса қанекей! Онда Жолдасбаев мырза ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеудің, бұл ретте адамның өмір салты мен ішетін тағамының маңызды рөлге ие екендігіне назар аударта келе, нақты ұсыныс жасаған болатын. Оның айтуынша, өркениетті елдерде бүгінде сатып алушыға азық-түлікті таңдауда көмекші болатын арнаулы белгілер қолданысқа еніпті. Мәселен, тағамдар орамасына салынатын қатал «қара белгі» олардың құрамындағы тұздың, қауіпті Е қоспасының көптігін білдіреді. Сол
секілді жұмсақ жасыл, сары және қызыл белгілер де тамақ құрамы жайлы нақты ақпарат береді. Мысалы жасыл белгі азықтың пайдалы екендігін айтады. Бұлар адамдарға бүгін не ішу, ертең не жеу қажеттігін сараптап, шешуге көмек көрсетеді. Өкінішке орай, мұндай белгілер елімізде әзірге тек тіс пасталарында ғана бар екен.
– Шыны керек, бізде барлық азық-түліктер сөреге қалай болса солай қойыла салған. Олардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін ажырату қиын. Бізге сауда нүктелерінде осындай сөрелерге бырыңғай талапты
белгілейтін заңнамалық тетік қажет, – деп еді Жолдасбаев мырза. Сенатордың сөзінен түйгеніміз, халқының
денсаулығын ойлаған біздің көршілер де азық-түлік қауіпсіздігін сақтау шараларын қабылдауға кіріскен. Мәселен, Ресей сұйық қантқа, яғни газдандырылған энергетикалық сусындарға жеке салық енгізейін деп жатса, Белоруссия тағам құрамындағы тұзды азайтуға бел байлауда. Қазақстанға да осындай қадамдар жасау керек. Бізге әсіресе, жоғарыда айтылған пальма майын азық-түлік өнімдерінде қолдануға заңнамалық тұрғыда нақты шектеу керек.
Батпандап кірген аурудың мысқалдап шыққанға дейін тигізер зардабын жоғарыда айттық. Халқының саны онсыз да аз, экономикасы шатқаяқтап тұрған біздің елімізге ауырмаудың жолын іздеу өте-мөте қажет. Оны азық-түліктің қауіпсіздігінен бастасақ жоғалтарымыз аз, ал тапқанымыз көп болары анық. Ендеше,бұл шараны кешенді түрде жүзеге асыруға кеш те болса, кірісу керек.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ
«Заң газеті» 

Бюджетный коллапс: Кто виноват?

ВЫСШАЯ АУДИТОРСКАЯ ПАЛАТА (ВАП) ОБНАРОДОВАЛА РЕЗУЛЬТАТЫ ПРОВЕРОК БЮДЖЕТОВ РЕГИОНОВ...

Правопорядок – дело общее

ПО ПОРУЧЕНИЮ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА В КАЗАХСТАНЕ РАЗРАБАТЫВАЕТСЯ НОВАЯ МОДЕЛЬ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙ. ЗАКОНОПРОЕКТ, ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ В МАЖИЛИСЕ, ОБЪЕДИНЯЕТ КЛЮЧЕВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ОТ БОРЬБЫ С СЕМЕЙНЫМ НАСИЛИЕМ, ДО НАДЗОРА ЗА РЕЦИДИВИСТАМИ, А ТАКЖЕ СТАВИТ ЗАДАЧУ: НЕ ДОПУСКАТЬ ПРАВОНАРУШЕНИЙ, А НЕ ТОЛЬКО РЕАГИРОВАТЬ НА НИХ.

Елімізде жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 420 мың теңгеге жетті. Дегенмен кей өңірлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болса, басқа аймақтарда керісінше төмен болып тұр.

Қазақстанда семіздікке шалдыққан балалардың саны артып келеді

Қазақстанда бес жасқа дейінгі балалар арасында артық салмақтың өсуі байқалып отыр. Статистикаға сәйкес, 8,7% бала семіздікке шалдыққан. Бұл дегеніміз әлемдік орта деңгейден жоғары көрсеткіш.

«Хан-Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды

Матч уақытында "Хан-Тәңірі" футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу қайтыс болды.