12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

АХҚО отандық заңнаманы қалай дамытып жатыр?

Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициял тарту және қор нарығын дамыту үшін АХҚО әлеуетін пайдаланудың маңызы туралы атап өтті. Президент бизнес-дауларды шешу кезінде қазақстандық кәсіпкерлердің АХҚО-ның ағылшын құқығын және АХҚО Соты мен халықаралық төрелік орталығының игіліктерін еркін пайдалануына мүмкіндік беруді тапсырды.

Мемлекет басшысының АХҚО юрисдикциясына сенім артуы қаржы орталығының қызметі әбден жолға қойылғанын көрсетсе керек. Сонымен қатар, ағылшын құқығы негізінде қалыптасқан юрисдикция қазіргі таңда отандық заңнаманы халықаралық стандарттарға бейімдеуге байланысты өз ұсыныстарын да білдіріп келеді.

АХҚО Сотының бажын өндіріп алу алынып тасталады

АХҚО Соты өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді, судьялық корпусы бірегей халықаралық беделі және азаматтық пен коммерциялық жалпы құқықта жоғары кәсіби тәжірибелері бар судьялардан тұратыны белгілі. Өз кезегінед Халықаралқ Төрелік Орталық (ХТО) – нарықтық сұраныстағы, тәуелсіз және сот процесіне жеделдетілген балама болып табылады, онда түрлі юрисдикцияларда жұмыс істейтін тәуелсіз, жоғары білікті халықаралық төрешілер мен медиаторлар алқасы бар. Қазіргі сәтте орталық алаңында АХҚО Соты мен ХТО-ның қажетті инфрақұрылымы қалыптасты. Қазіргі сәтке дейін АХҚО Соты екі істі қарап, олар бойынша шешім шығарды.

2021 жылдың қаңтарына дейін АХҚО Сотының бажын өндіріп алу алып тасталады. Бұл АХҚО алаңының қолайлы шарттары мен тартымдылығын жасауға жәрдемдесетін жағымды жаңалық екені сөзсіз.

АХҚО туралы Конституциялық Заңға сәйкес АХҚО Соты АХҚО қатысушылары арасындағы және АХҚО-да жүзеге асырылатын және АХҚО құқығына бағынатын операциялар бойынша дауларды қараумен қатар, АХҚО Сотына тараптардың келісімі бойынша берілген дауларды қарау мен шешуге қатысты ерекше юрисдикцияға да ие екенін айта кету керек.

Жекелеген заңдарға АХҚО-ның ұсыныстары

Салалық заңдарға құқық қолдану практикасына айқындық пен нақтылық енгізетін нақтылайтын түзетулер қажет. Осыған орай, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына АХҚО тиісті түзетулерді көздейді:

− инвестициялық даулар бойынша Қазақстан Республикасы сот органдарына жүгінудің баламасы ретінде АХҚО Соты мен ХТО-ға жүгіну мүмкіндігін (Кәсіпкерлік кодекске);

− АХҚО Соты беретін атқару парақтарын атқару құжаттарының жалпы тізбесіне қосуды («Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға);

− ХТО қарайтын дауларға қатысты «Төрелік туралы» Заңын қолдануды алып тастауды («Төрелік туралы» Заңға);

− сот процесі тараптарының келісімі бойынша дауды АХҚО Сотына беру мүмкіндігін (Азаматтық процестік кодекске) белгілейтін түзетулерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өз кезегінде АХҚО-ның осы ұсыныстары Англия мен Уэльстің процессуалдық қағидаттары мен нормаларына, жетекші әлемдік қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген АХҚО Сотының әлеуетін барынша іске қосуға, сондай-ақ инвесторлардың мүдделерінің қорғалуына қатысты олардың сенімін нығайтуға мүмкіндік бермек.

Инвестициялық резиденттік еңбек және салық режимін жеңілдетеді

Қазіргі таңда инвестициялық климатты жақсарту үшін жүзеге асырылып жатқан бастама ретінде отандық заңнамаға АХҚО тарапынан ұсынылған инвестициялық резиденттік бағдарламасын айтуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Конституциялық Заңына инвестициялық салық резиденттігі бойынша түзетулер енгізілді.

Инвестициялық резиденттік бағдарламасы – әлемде кең тараған құбылыс. Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, инвестициялық резиденттік нарығы айтарлықтай өсу кезеңін бастан өткеретінін көрсетеді. Бүгінгі таңда, әлемде 80-нен астам ұқсас бағдарламалар бар. Қазақстанда инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы АХҚО базасында іске қосылады. Ол инвестициялық визаны және елдің салық резиденттігін алуды көздейді.

Салықтық резиденттік бағдарламасы орталықтың актісімен бекітіледі, бірақ міндетті түрде мемлекеттік органдармен – қаржы, ұлттық экономика, сыртқы және ішкі істер министрліктерімен, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілетін болады. Бағдарламада инвестициялау көлемі мен құралдары, инвестициялық салық резиденттігін алу рәсімдері айқындалатынын атап өту қажет.

Айта кетерлігі, инвестициялық салық резиденттік бағдарламасының негізгі концепциясы – бұл Қазақстан Республикасына инвестиция тарту мақсатында инвестор мен оның отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасына 5 жылға дейінгі мерзімге бірнеше рет кіру визасын табыс ету және әлемдік табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуден босатуды көздейді.

Бауыржан Мұқанов.

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...