12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бейне байланыс арқылы балаларымен қауышты

1 маусым күні бүкіл әлемде балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Балаларды қорғау күні — олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.

Бұл күні бүлдіршіндерді қорғау шаралары ғана емес, олардың көңіл-күйлерін көтеретін түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сондықтан, балақайлар бұл күнді асыға күтеді.

Ата-анасының тосын сыйы, аға-әпкесі тарту еткен түрлі тәттілер олардың жанарында от ойнатып, көңілдеріне қуаныш сыйлайды. Ал әкелерін көптен көрмеген балалар бұл күні асқар тауымен қауышып жатса, ол бақытты сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес шығар…

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде
жазасын өтеп жатқан азаматтар жаздың бірінші күнімен бірге келіп жеткен
халықаралық балалар күні мерекесінде өз балаларымен онлайн байланыс арқылы табысып, сағыныштарын басуға мүмкіндік алды. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткен бейне байланыс сеансында сотталған азаматтар бала-шағасымен қауышып, мерекесімен құттықтады.

Әбдіғани Құдайқұлов,
ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жумысын жүргізу бөлімінің бастығы аділет капитаны

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...