12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Баланы асырау – ата-ананың заңмен бекітілген қасиетті міндеті

Балаларды қоғамдағы толыққанды өмірге даярлау, олардың әлеуметтік бейімділігін және шығармашылық белсенділігін дамыту,балаларды жалпыадамзаттық құндылықтар, патриотизм және азаматтық сезімдер рухында тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру –балаларға ҚР Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы басты қағидаттары болып табылады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту мақсатында және мейрамның негізгі міндеті қоғамға балалардың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы естеріне салу болып табылатындығын ескере отырып, кәмелетке толмаған балалар үшін алимент өндіру туралы деректерге салыстырмалы түрде анализ жасауды жөн көріп отырмыз,

Алдымен, әр түрлі өмірлік жағдайларға байланысты кәмелетке толмаған балаларға алиментті өндіру қажеттілігі туындап жататындығын атап өткіміз келеді. Осыған байланысты алимент деген не?, алиментті кім талап ете алады және кім төлеуі тиіс деген сұрақ туындауы мүмкін. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте алимент ұғымына келесіндей анықтама берілген: алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Сот тәртібімен өндірілетін алименттердің кеңінен таралған түрі – кәмелетке толмаған баланы асырауға төленетін міндетті төлемдер. Баланы асырау – ата-анасының Ата Заңмен бекітілген міндеті болып табылады және ата-анасының некеде болмауы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы бұл жауапкершіліктен босатпайды.

Атап өтетін жайт, алиментке берілетін арыз ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет. Қарапайым халықтың осынау талаптарды сақтамауының нәтижесінде судья кей алимент өндіру туралы арыздарды қайтаруға мәжбүр болады.Нақтырақ айтқанда судья осы Кодекстің 151, 152-баптарында ғана көзделген негіздер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қайтара алады. Арызды кері қайтару кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан талап қоюға кедергі болмайды. Яғни, алимент өндіру туралы арызды алғаш рет бергенде ол кері қайтарылса, сізге оны екінші рет қайта сотқа тапсыруға еш кедергі болмайды.

Аталған санаттардағы істер бойынша Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2018 және 2019 жылдарғы салыстырма түрінде алынған 4 тоқсандық статистикалық мәліметтерді қарастырсақ (2020-жылдың деректерін саналы түрде алмай отырмыз, себебі карантиндік шаралардың қолданылуына байланысты қазіргі деректер ахуалдың шынайы бейнесін көрсетпейді деп есептейміз). 2019 жылы Наурызбай аудандық сотына кәмелетке толмаған балаларына алиментті талап ету туралы 377 өтініш түскен, оның ішінде 343-і қанағаттандырылып, сот бұйрығы шығарылған. Ал 2018 жылы 200 өтініш түскен, оның ішінде 189-на сот бұйрығы шығарылған.

Статистикалық деректерге сүйенсек, екі тұжырымдаманы байқауға болады: сотқа келіп түскен кәмелетке толмаған балалар үшін алимент өндіру туралы арыздар санының өсімі 53% ды құраған, осыған қарамастан алимент өндіру туралы арыздардың қайтарылуының өсімі тек 2,6% ды құраған.

Байқап отырғандарыңыздай алимент өндіру туралы арыз саны жыл санап артуда. Иә олардың қанағаттандырылу пайызы артқандығы қуантпай қоймайды. Бірақ, 2019 жылы Алматы қаласының тек Наурызбай ауданында ғана 400-ге жуық ерлі-зайыпты өздерінің Ата Заңда көрсетілген міндеттерін орындаудан жалтарғандығы өкінішті. Қорынытындылай келе, халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ата аналарға балаларды қорғап, олардың қажеттіліктерін толық дейгейде қамтамасыз ету – ата-ананың тек заңда ғана емес, адамгершілік қағидаттарында да бекітілген қасиетті парызы екендігін еске түсіргіміз келеді.

 Наурызбай аудандық сотының жетекші маманы Ықылас Ә.Т.

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...