12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӨНДІРІСТІК АПАТТАРДЫ ҚАЙТСЕК АЗАЙТАМЫЗ?

Өндіріс орындарындағы қауіпті қондырғылар қалай алдын ала тексерілуі мүмкін? Бұл құжатты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындапты. Ол осы аптада өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Қуанарлығы сол, халық қалаулылары аталмыш өлшемнің логикалық қисынға сай еместігімен қатар, өндіріс ошақтары, ондағы жұмыскерлер үшін қауіп төндіретін талап екенін дер кезінде пайымдап, заң жобасынан алдырып тастапты. Жиын барысында заңды жасаушылар мұндай шешімнің неліктен  қабылданғанын түсіндіре алмады.

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің «егер салықтық заңнама, санитарлық кейбір нормаларды алыстан бақылау жайлы айтылса әңгіме басқа, ал кабинеттен шықпай қалай қауіпті қондырғылар жұмысын қадағаламақшысыздар?» деген сауалына да мардымды жауап таппады. Соған қарағанда, бізде жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін зерделеп, саралай алатын маман жоқ сияқты. Арыстағы жарылыс, бүгінде үш есеге артып кеткен өндірістік апаттардың түпкі себебі осында жатқандай. Осындай жағдайларды ескергендіктен бе, депутаттар аталмыш заң жобасын қарауда барынша ықтияттылық танытқан сияқты. Соның нәтижесінде олардың тарапынан жаңа құжатқа 150 өзгеріс енгізіліпті. Кейбір өлшемдер алынып тасталған. Соның бірі жоғарыда аталған талап. Ал, енгізілген түзетудің бірі – кәсіби апаттық-құтқару қызметтерін мемлекет тарапынан аттестациялау шарасы. Депутаттардың айтуына қарағанда, бұл бұрын болған өлшем екен. Алайда, осыдан үш жыл бұрын жойылған. Соның салдарынан қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіздік жұмыстарымен кәсіби дайындығы жоқ ұйымдар айналысатын болды. Бұл елімізде техногендік апаттардың жиілеп, өндірісте жарақат алудың көбеюіне соқтырып отыр. Соңғыларының саны кейінгі жылдары екі есеге артыпты. Жалпы азаматтық қорғаныс саласында құтқару тетіктері белгілі деңгейде тиімді жұмыс істеп тұрса, өкінішке орай өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мүлде жоққа тән. Жиында заң жобасын қорғаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бұл жағдайды мойындап, аталмыш норманың енгізілуі саланы жайлаған бейкәсібиліктен арылтуға жол ашатынын айтты. Депутаттардың айтуына қарағанда, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің түйткілді мәселесі аз емес. Соның бірі қауіпті өндірістік нысандарда болатын апаттарды азайту үшін өндірістік бақылауды тиімді жүргізуге қатысты. Депутат Бейбіт Мамраев осы ретте аймақтарды аралаған кезінде өзі куә болған жағдайды ортаға салды. Оның сөзінен түйгеніміз, өндірістік бақылау мен кадр қызметінің функцияларын аймақтардағы өндіріс орындарында бір бөлім кей жерлерде тіпті бір ғана адам атқарады екен. Осының салдарынан оларда өндірістік бақылау формальды түрде атқарылып отыр. Кейбір кәсіпорындарда бұл шаралар өндірістік жағдайда алған жарақаттарды тіркеумен шектеледі. Аталмыш заң жобасында өндірістік обьектілердегі бақылауды жүзеге асырудағы кәсіпорындардың рөлі мен жауапкершілігін күшейту нормалары қамтылған. Бірақ, ол қалай жүзеге асырылмақ? Министрдің айтуынша, бұл ұйымдар өз жұмысын шынында да толыққанды орындай алмайды.Оның бірден-бір себебі – құзыреттерінің жеткіліксіздігі. Аталмыш заң жобасында осы олқылық ескеріліп, тиісті нормалар қабылданды. Заң қабылданса аймақтардағы бөлімдер өндірісте денсаулыққа қауіпті құралдар талаптан тыс пайдаланылса, жұмысты тоқтатып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің сақталуын міндеттей алады. Құжат жобасында бұл мәселені шешу үшін орталық құзырлы орынның да уәкілеттіктері кеңейтілген. Заң жобасы қабылданса Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан әр кәсіпорынға қауіпсіздік талаптарын сақтау
шаралары қамтылған арнайы нұсқаулық берілетін болады. Сонымен қатар өндірістегі апаттар санын азайту мақсатында қадағалау шаралары қолға алынбақ.

Мәселен, құзырлы орын Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен аттестацияланған ұйымдарды тексеретін болады. Осы тұста әңгімеге араласқан Палата спикері Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдар арасындағы шектеулердің нақты айқындалу қажеттігін атап көрсетті. Ол бұл ретте елімізде қадағалануға жататын қауіпті өндірістік қондырғылармен салыстырғанда әлеуметтік сипаттағы қондырғылардың көп екеніне назар аудартты. Шын мәнінде жолаушылар лифтілері, жылу қазандықтары, эскалаторлардың қауіптілігі де өнеркәсіптік құрылғылардан кем емес. Сондықтан оларды пайдаланудың қауіпсіздігі қатаң қадағалануы тиістігін атап көрсетті. Депутаттардың заңнамаға енгізген тағы бір түзетуі министрліктің өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді шаралары қамтылған бағдараламасын әзірлеу құзыреті екен. Жиында мұны депутат Арман Қожахметов еске салып, жаңа ережеге сай салаға қажетті кадр дайындаудың мүмкіндігі жайлы сұраған. Министр бұл шараның бүгінгі таңда жан-жақты қарастырылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, кадр дайындаумен апаттық құтқару қызметі жанындағы маманданған орталықтар айналысады. Осы заңның арқасында апаттық құтқару қызметінің салалық бағыты реттеліпті. Енді бұл мамандар кен құтқару, газ құтқару, бұрқақ құтқару мамандары болып жеке-жеке оқытылады. Олар белгілі бір кезеңде аттестациядан өткізілмек. Салалық ерекшеліктеріне сай дәрігерлік көмекке дейінгі қызметті көрсететін мамандар да дайындалатын болады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және құқықтық олқылықтар мен коллизияларды да жою көзделді.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ
«Заң газеті»

Абай облысында тағы орман өртеніп жатыр

Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман жамылғысы аумағында өрт шыққан. Филиалдың мәліметтері бойынша, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан.

Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді.

ЕГІС НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

Биыл Ақмола облысының егіншілері былтырғы қуаңшылықтан соң тұқым қорының аздығына алаңдаған еді. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бұл мәселе оң шешімін тапқандай.

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛЕР 400 МЫҢҒА ЖЕТТІ

Құмар ойындары қоғамның дертіне айналды. Тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да осылай демеске шара жоқ. Медицинада лудомания патологиялық өзгеріс ретінде анықталып, ем тағайындалатын болды. Біздің елімізде бұл дерттің құрығына түскендер саны 400 мыңға жетіпті.

Жаңбыр және жел: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.