12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ЕҢБЕК КІТАПШАСЫ ЗАҢДЫ ҚҰЖАТ ПА?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес ел азаматы жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы
мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 12) тармақшасы бойынша зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына
байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы
төлемдерінің жиынтығы.
Осы заңның 14-бабы негізінде – жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезең үшін есепке алынады, еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады, ал, еңбек
кітапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не соттың шешiмi негізінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабында қызмет етуді растайтын құжаттар тізімі көрсетілген. Бүгінгі күні қолдарында еңбек қызметі туралы деректер жазылып, жұмыс берушінің мөрімен бекітілген еңбек кітапшалары бола тұра осы мәліметтердің мемлекеттік мұрағаттан табылмауына байланысты, зейнетақы
тағайындаумен айналысатын мекеме құжаттарын қабылдамады, сот арқылы дәлелдеуді талап етеді деген уәжбен сотқа жүгінген адамдардың саны азаймай тұр.
Мұндай жағдайларда сот арыз берушілердің арызын сот өндірісіне қабылдап, дайындық жұмыстарын жүргізіп, арыз берушінің, мүдделі тұлғаның, прокурордың, куәлардың қатысуларымен сот отырыстарында қарап заң талаптарына сай шешім шығарады. Ал, соттың шешімі заңды күшіне шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғаларға шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң енеді. Осылайша арыз сотта қаралып, өз шешімін тауып заңды күшіне енгенше едәуір уақыт өтеді. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында сотпен осы санаттағы үш азаматтық
іс қаралды, оның екеуі бойынша арыз берушінің еңбек қызметі туралы деректер еңбек кітапшасында жазылғанымен мемлекеттік мұрағаттан табылмаған, ал, бір іс бойынша арыз берушінің еңбек кітапшасы жоғалған.
Осы тұрғыда арыз берушілердің өз құжаттарын бірінші кезекте зейнетақы тағайындайтын мекемеге апарып мамандарға көрсетпей, бірден сотқа жүгіну фактілері де орын алып жатқанын айта кету керек. Бұл жағдайлар істі сот отырысына дайындау кезінде анықталып, судьяның «құжаттарыңызды зейнетақы тағайындайтын
мекемеге апарып көрсеттіңіз бе?» сұрағына арыз берушілер апармағанын, біреулерден еңбек қызметін міндетті түрде сотпен анықтау қажеттігін естігендерін айтады. Осыдан кейін арыз берушілер құжаттарын
зейнетақы тағайындайтын мекемеге апарып көрсеткенде құжаттары зейнетақы тағайындауға жарамды екені анықталып, арыз берушілер арыздарын соттан кері қайтарып алған жағдайлар да болды. Бұл мән-жайларды азаматтардың арыздарын сотқа дайындаған адвокаттар да түсіндірмейді. Осы тұрғыда зейнеткерлік жасына таяған немесе жеткен адамдарға құжаттарын бірінші кезекте зейнетақы тағайындайтын мекемеге (бүгінгі күні – Мемлекеттік корпорация) апарып көрсету қажеттігін түсіндірген дұрыс. Егер құжаттары қандай да бір себептермен зейнетақы тағайындауға жеткіліксіз немесе жарамаған болса ғана сотқа жүгіну қажет және арызда зейнетақы тағайындайтын мекеменің зейнетақы тағайындаудан бас тартқаны туралы құжаты болуы
міндетті.
Бұл қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 306-бабымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысының 3-тармағында – арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажеттігі түсіндірілген.
Осылардың нәтижесінде келесідей заңды сұрақтар туындайды. Егер Еңбек кодексімен және заңмен еңбек қызметін растайтын құжат болып еңбек кітапшасы танылса және ондағы жазылған жазулар мен басылған мөрлер анық оқылып көрінсе, осы мәліметтерді қосымша мемлекеттік мұрағаттың анықтамасымен растаудың қажеті бар ма, әлде бұл уәкілетті органның қолданысындағы ведомстволық бұйрықтарының заң және кодекс талаптарына қарама-қайшы болғаны ма?
Осы мәселе бойынша тиісті уәкілетті орган өкілдерінің пікірлері қандай?
С.АХМЕДЖАНОВ,
Тарбағатай аудандық
№2 сотының төрағасы

 

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...