12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТЕРГЕУДЕГІ ТҰТҚЫНДАРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

Елімізде жарияланған төтенше жағдай онлайн жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашқаны анық. Мұндай мүмкіндікті Алматы қаласындағы Қылмыстық-атару жүйесі департаменті де тиімді пайдалануда. Карантин жарияланған күннен бастап департаментке қарасты түзеу мекемелерінде онлайн жұмыс істеудің ұтымды жолдары қарастырылған болатын. Жуырда ЛА-155/18 мекемесінде (тергеу изоляторы) «COVID-19» коронавирус эпидемиясы кезінде қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты жақсарту және шектеу шараларына байланысты сотталғандар мен күдіктілердің жағымсыз пікірлерін тудырмас үшін Ұлттық превентивтік механизм және Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰПМ мүшелерінің топ жетекшісі И.О.Мирошниченко мен ҚБК төрайымы А.С.Жанәбілова күдіктілермен және сотталғандармен онлайн кездесу кезінде республикадағы жалпы жағдай туралы, коронавирустың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгіме өткізді. Тұтқындар мен сотталғандар әңгіме барысында қылмыстық істерге және амнистияға қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар онлайн кездесуге келгендер де сотталғандар мен күдіктілерге тергеу изоляторындағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына, медициналық көмектің сапасына, тамақтану жағдайына, туған-туыстарымен байланыс жасау жолдарына қатысты сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Олар сотталғандар мен күдіктілердің заңды мүдделері мен құқықтарының сақталуы жайын ды білді.

Кездесу соңында ҰПМ және ҚБК комиссиясының мүшелері тергеудегілерге сұрақтар туындаған жағдайда жазбаша түрде жіберуге болатынын түсіндірді.

Аталған мекеменің теологиялық жұмыстар жөніндегі топ қызметкерлері сондай-ақ, арнайы контингенттің діни бірлестік өкілдерімен онлайн кездесуіне де жағдай жасады. Қасиетті рамазан айында ұйымдастырылған бұл кездесу кезінде сотталушылар мен күдіктілер дін өкілдеріне ораза ұстаудың шарттары туралы сұрақтар қойды. Сұрақтардың дені қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі бас бостандығы жоқ адамдардың діни салттарды ұстану заңдылығы жайлы болды. Онлайн кездесуге қатысқан дін өкілдері барлық бас бостандығынан айырылғандарды рамазан айымен құттықтады.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА

Алматы қаласы

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...