12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СЕРВИСТІК ПОЛИЦИЯ СЕНІМДІ АҚТАЙ МА?

«КЕЗДЕСУ ОРНЫН ӨЗГЕРТУГЕ БОЛМАЙДЫ» ДЕГЕН КЕҢЕСТІК СЕРИАЛ ЕСІҢІЗДЕ МЕ? СОЛ ФИЛЬМНІҢ БАС КЕЙІПКЕРІ КАПИТАН ЖЕГЛОВ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ: «МЕНІҢ МІНДЕТІМ – СЕН СЕКІЛДІ ҚАНЫПЕЗЕРЛЕРДІ ҰСТАУ, ШЫҢҒЫРТЫП ТҮРМЕГЕ ОТЫРҒЫЗУ!» ДЕЙДІ. ШЫНЫН АЙТУ КЕРЕК, КҮНІ
БҮГІНГЕ ДЕЙІН КӨПШІЛІК ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ДӘЛ ОСЫЛАЙ ДЕП ҚАБЫЛДАП КЕЛДІ. КӨПШІЛІК ДЕЙМІЗ-АУ, СОЛ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨЗДЕРІ НЕГІЗГІ МІНДЕТІМІЗ –
ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУ ҒАНА ДЕП ТҮСІНДІ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЛПЫ ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДА КЕМШІЛІКТЕР КӨБЕЙІП, ПРОБЛЕМАЛАР ҚОРДАЛАНЫП ҚАЛДЫ. ЕҢ ҚИЫНЫ ПОЛИЦИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АРАСЫ АЛШАҚТАП КЕТТІ.

Жасыратыны жоқ, полиция десе, жол бойында тұрған «парақор» МАИ қыз меткері, жазықсыз жанның қалтасына әлде бір «ұнтақты» салып жіберіп, арандататын жедел уәкіл (опер), қала берді, күдіктіні «айыбын» мойындату үшін қанжоса қылып сабайтын қаныпезер тергеуші көзалдымызға келетін болды. Барлық полиция қызметкеріне топырақ шашудан аулақпыз. Бірақ, кейбір орган қызметкерлерінің осындай көзқарас қалыптастырғаны рас. Оған БАҚ-тағы теріс пікірлердің де әсер еткені бар. Ал, қиын сәтте ерлік көрсетіп, халықтың ортасында нағыз полицияның образын қалыптастырып жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлері жайлы оң имидж жоқтың қасы. Болған күннің өзінде ол қазіргі қазақ полициясының беделін көтере ала ма?!.

Реформаның кілті кімде?
Мен жаңалық ашып отырған жоқпын. Бұл Мемлекет басшыларынан бастап, бүгінгі Ерлан Тұрғымбаев басшылық ететін Ішкі істер министрлігі өкілдерін де алаңдатқан сауал! Тіпті, белгілі спортшы Денис Теннің қазасынан кейін, «ІІМ-не реформа жасау керек» деген бастамашыл топ та пайда болды. Сөйтіп, төмен жақ пен жоғары жақ сол реформаның кілтін іздеуге кірісті. Кілт табылған сияқты. Ол – сервистік полиция! Сервистік полиция АҚШ пен Еуропа елдерінде әлдеқашан қолға алынып, бүгінде өз жемісін бере бастаған
әдіс. Бір сөзбен айтқанда, бұл Жеглов айтқан «Полицияның міндеті – түрмеге тоғыту емес, керісінше қылмыстың алдын алып, халықпен етене жұмыс істеу» деген сөз. Әлгі «Әкім бол, халқыңа жақын бол» дегенді енді, «Полицей болсаң, халықпен бірге бол» деп айтсақ болады.
Мысалы, Германияда «сервистік полиция» белгілі бір аймақта, ауданда, тұрғындарға қызмет көрсетумен
айналысады. Олар күштік құрылым емес, сервистік қызмет ретінде жұмыс жасайды. Халық олардың кеңселеріне түрлі проблемалар мен жағдайларын айтып келеді. Полиция өз кезегінде ол мәселелерді шешуге тырысады. Немістердің сервистік полициясының негізгі міндеттері: қылмысты ескерту және зерттеу, қоғамдық тәртіпті бақылау, сондай-ақ, қылмысты ашудан бұрын оның алдын алу, азаматтардың полицияға айтқан өтініштері бойынша оларға көмек көрсету… Демек, ішкі мәдениет пен этика ең жоғары дәрежеде.
Францияда да солай. Тіпті, олар сервистік полицияны «Police de proximit» деп те атайды. Қазақша «Жанға жақын полиция» деген мағынаға саяды. Бұлар да атына заты сай. Полиция шынымен де халықпен өте жақын жұмыс жасайды. Негізгі міндеті – қоғамды заң бұзушылықтан қорғау және әр азаматтың қауіпсіздігін сақтау. Америка құрама штаттарында да дәл солай.

Кадр таңдау – үлкен мәселе
Енді осы реформаны Қазақстан жағдайында қалай қолдануға болады? Рас, соңғы екі жылда ішкі істер
саласында сервистік полиция моделін енгізу жөнінде біраз қадамдар жасалуда. Атап айтар болсақ, Қарағанды, Алматы, Көкшетау секілді бірнеше қалада оның алғышарты жасалды. Учаскелік полицейлердің жұмысына өзгерістер енгізілді. Олардың суреттері мен телефон нөмерін кез келген үйдің кіреберісінен көретін болдық. Кейбір қалаларда азаматтарды қабылдайтын полиция кеңселері пайда болды. Грузиядағыдай, бір айдың ішінде полицияның 70-80 пайызын қысқартып, орнына жемқорлыққа былғанбаған жаңа кадрлар алынбағанмен, баяу да болса, сервистік полиция моделіне көшу басталды деуге болады.
Бірақ, біздіңше дәл қазіргі қалпында сервистік полицияның болашағы Еуропа елдеріндегідей бола қоюы
неғайбыл. Тіпті, Грузиядағыдай болады деп те айта алмаймыз. Ең бірінші – кадр мәселесі! Мысалы, АҚШ-та полиция қатарына қабылдану үшін, сол елдің азаматы екі жылдық дайындық курсынан өтеді. Сол жерден сертификат алады. Сертификаттың өзі полиция қатарына алынады дегенді білдірмейді. Ол тек психологиялық жағынан өзін өзі ұстауды үйреніп, тұрғындармен қарым-қатынас тілі бойынша мағлұмат алады. Полиция жөніндегі ілімін толықтырады. Осы екі жылдық курстан өткеннен кейін полиция колледжіне немесе академиясына түседі. Жоғарыдағы сатыларды мінсіз меңгергенде ғана полиция қатарына қабылданады. Бізде ше? Әлі күнге дейін полиция қатарына қабылданатындардың ең алдымен физикалық дайындығына назар аударылады. Оның құқықтық сауаты, халықпен тілтабысуы және психологиялық мінездемесі екінші кезекте. Нәтижесінде түрлі оқыс жағдайларда полиция қызметкері жұртшылық алдында күлкіге қалып жатады. Тіпті, журналистер мен блогерлердің хайп жинайтын тақырыбына айналғанын да мойындау керек. Мысалы, өткенде «Сіз халыққа қызмет етесіз бе?» деген арандату сұраққа полиция қызметкерінің күмілжіп, «Мен халыққа қызмет етпеймін» деп жауап бергенін де көрдік. Бұл да дайындықтың болмауы мен саяси сауатсыздықтың бір көрінісі. Сервистік полиция бір ғана полиция қызметкерінен ғана тұрмау керек. Қазіргі ашылып жатқан сервистік офистерде полиция қызметкерлерімен қатар әлеуметтік сала мамандары мен психологтар отырғаны дұрыс. Еуропа елдерінің бәрінде солай. Ал, сол мамандармен қатар отырған полиция қызметкерінің сауаты мен біліктілігі қандай? Бұл үлкен мәселе.
Еліміздегі Ішкі істер саласының академиялары мен иституттары енді біліктілігі жоғары, жан-жақты білімді,
психологиялық жағынан мығым қызметкерлерді дайындауға кіріскені жөн. Бұл бір-екі айдың көлемінде шешілетін мәселе, енгізе қоятын реформа емес. Ел-жұрттың сенім кредитіне ие құрылым қалыптастырамыз
десек, сервистік полицияны енгізуге тырысу керек.
Жанар ТҰРАНҚАЗЫҚЫЗЫ,
журналист, заңгер

[ratings]

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Неге алматылық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін таққанды ұнатпайды? Полиция статистикасы

Көптеген басқа қаладағы сияқты Алматыда да жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққысы келмеу үрдісі сақталған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.