12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шерзод ПУЛАТОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:«БІРЛІК ҚАЙДА БОЛСА, ЕЛДІК СОНДА»

– Шерзод Аббозұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылғанына биыл 25 жыл толады екен. Мерейтой қалай атап өтіледі?
– Ассамблеяның 25 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын іс-шаралар халық үшін маңызды
мәселелерді қамтиды деп жоспарланған. ҚХА – түрлі этнос өкілдерін ғана емес, тұтас ұлтты біріктіретін қоғамдық-азаматтық институт. Сондықтан, бұл күллі қазақстандықтардың ортақ мерейтойы деп білу керек.
Соның ішінде «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» арнайы 25 жылдық мерейтойына арналған ҚХА-ның ең маңызды жобасы. Жобаның мақсаты – халық, әсіресе, жастар арасында бейбітшілік пен бірлік саясатын кеңінен насихаттау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасырлық мерейтойында Тұңғыш Президент – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту және дамыту мәселесі бойынша ақпараттық-насихаттық, қоғамдық-саяси, ғылыми ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар циклін ұйымдастыру. Жобаны «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Қансейітұлы жариялап, оның символы ретінде экспедиция күнделігі мен туын Алматы облысының әкімі А.Батталовқа тапсырған болатын. Биылғы жылдың басында экспедицияның күнделігі мен туы Қарағанды облысына тапсырылды.
– ҚХА-ның тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлесін қалай бағалайсыз?
– Ассамблея құрылған кезден бастап халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап,
республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды рөл атқарды. Сонымен бірге бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді. Жалпы айтқанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсіністік ахуалы қалыптасты. Еліміздің барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту
үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді. Бәрімізге белгілі Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді.
– ҚХА ұйымдастырған қайырымдылық шараларының нәтижесі қандай?
– Қазақстан халқы Ассамблеясы коронавирус инфекциясына қарсы күрес уақытында өз жұмысын бірнеше
бағытта ұйымдастырды. «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына белсене қатысып, 300 мыңға жуық адамға
276 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Өңірлерде 400 мыңнан астам медициналық бетперде таратылды.
Бұған қоса, «біз біргеміз, біз үйдеміз» бірыңғай хэштегімен түрлі челлендждер ұйымдастырылып, хакім Абайдың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін оқу эстафетасы, Ассамблеяның 25 жылдығына арналған «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы», мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көздейтін «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі», «Мәміле» жобалары және басқа да онлайн іс-шараларды жұртшылық назарына ұсынды. Атқарылған жұмыстар жөнінде әлеуметтік желілерде 264 бейнеролик, 192 бейнесабақ жарық көрді. Ғылыми-сараптамалық талдаулар да сұранысқа сай жаңа форматта жүзеге асты. Барлық жобалар этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуды көздей отырып, табысынан айырылған азаматтарға қолдау көрсетуге, карантин кезіндегі іс-шараларға халықты жұмылдыруға және залалсыздандыру ережелерін сақтауға бағытталды. Ассамблея соның ішінде «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына ерекше үлес қосып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті. Қайырымдылық шараға этномәдени бірлестіктер, Қоғамдық келісім кеңестері, Кәсіпкерлер қауымдастығы, «Жаңғыру жолы» РЖҚ, ҚХА еріктілер қозғалысының орталығы, ҚХА құрылымдық бөлімшелері атсалысты. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызілікті зейнеткерлер мен ата-ана қамқорлығынан айырылған студенттерге азық-түлік себеттері, антисептик, дәрі-дәрмек және
басқа күнделікті тұрмысқа қажетті химиялық заттар жеткізілді, әлі де жалғасуда. Өткен жылы Ассамблея құрылымдары Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына жалпы сомасы 156 млн 297 мың теңге қаржылай және гуманитарлық көмек көрсетті. Акцияға «Дустлик» Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері қауымдастығы», «Әзербайжандар қауымдастығы», «Ахыска» түрік этномәдени орталығы», «Қазақстан корейлері қауымдастығы» және басқа да республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктер белсенді қатысты. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы барысында Ассамблеяның меценаттары 46 мың оқушыға 514 млн теңгеге көмек көрсетті.
– ҚХА жұмысын қайта құруға қатысты қоғамның кейбір мүшелері тарапынан айтылып жүрген сын-ескертпелер туралы ойыңыз қандай?
– ҚХА жұмысын қайта құру туралы мәселе қазіргі уақытта талқылануда. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық
келісім» республикалық мемлекеттік мекемесін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне және өңірлік ішкі
саясат басқармаларының қарамағына ҚХА және «Қоғамдық келісім» хатшылықтарының берілуі қарастырылып жатыр. Бұл «Қоғамдық келісім» РММ-ін ведомстволық бағынысты ұйым ретінде этносаралық саладағы үйлестіруші рөлін күшейту мақсатында жасалып отыр.
– Алыс-жақын шет елдердегі ҚХА сияқты құрылымдар мен ұйымдармен байланыс қалай жүріп жатыр?
– ҚХА-ның халықаралық ынтымақтастықтағы мақсаты: біріншіден, әлемге бейбітшілік пен келісім саясаты бойынша қазақстандық тәжірибені ілгерілету. Екіншіден, халықаралық ұйымдармен байланыс жасау. Үшіншіден, қазақстандық этностардың тарихи шығу елдерімен байланысты дамыту. Төртіншіден, шетелдегі қазақ диаспорасына қолдау көрсету. Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделінің таныстырылымы халықаралық ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ВКНМ, Еуроодақ және АҚШ елдерінде ұсынылып, ЕЫҚҰ елдеріндегі 56 тілге аударылған. Қазақстандық тәжірибені 60-тан астам мемлекеттен мамандар келіп зерттеп
кетті. Сонымен бірге, шетелдердегі ҚХА сияқты құрылымдар мен ұйымдармен арада бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Олардың ішінде Өзбекстанның ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар комитеті, Қырғызстан халқы Ассамблеясы, Молдова халықтарының Ассамблеясы, Азербайжан Ұлттық азшылықтарының конгресі, Беларусь Республикасының Ұлттық азшылықтары қайуымдастығы, Грузия халықтарының қауымдастығы, Халықтар Ассамблеясы мен өзге де ұйымдар бар. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне шетелдердің қызығушылығы әлі жалғасуда. Өткен жылы Ассамблея хатшылығына тәжірибені зерттеу үшін Германия, Ресей, Қытай, Румыния, Литва, Молдова, Болгария, Қырғызстан, Өзбекстан делегациялары мен өкілдері өтініш тастады. Халық дипломатиясын нығайту мақсатында ТМД, Грузия, Балтық жағалауы, Оңтүстік Корея елдерінің елшілерімен кездесу өткізілді. Сонымен бірге, ҚХА-ның достық елшісі атағын Ресейде – Олег Сосковец, Түрік Республикасында – Ибрахим Қалын, Францияда – Малгорзата Туард иеленді. Жалпы өткен жылғы барлық халықаралық кездесулер мен іс-шаралардың қорытындысы бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан этносаралық және конфессияаралық келісім және еліміздегі аз ұлттардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатқа жоғары баға берілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтық қоғамның неғұрлым дамыған сегменттерінің бірі ретінде танылып отыр.
– Елбасы мен мемлекет басшысының халыққа жолдауларында және стратегиялық бағдарламаларында айтылған ұсыныстар мен бастамалар ҚХА тарапынан қаншалықты қолдау тауып жатыр?
– Бәрімізге мәлім, Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараты ең алдымен талдау жұмыстарына шоғырлануы тиіс екенін атап өтті және ҚХА қызметін қайта жүктеу мәселесін қарауды тапсырды. Қазіргі уақытта Үкімет этносаясат мәселелері бойынша жеке ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін қарастыруда. Сондай-ақ, этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді реттеу бойынша жаңа мемлекеттік құрылым құру жайы талқылануда.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі талдамалық және әлеуметтік зерттеулер кешенін іске асыру жолымен этносаралық ортаның жай-күйін мониторингілеу мен талдау құралдарын күшейтетін болады. Этносаралық салада бұрын жүргізілген зерттеулерді іске асыру, атап айтқанда этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына және Қазақстан халқының әлеуметтік көңіл-күйіне мониторинг
жүргізу жалғастырылатын болады. Биылғы жылы министрлік этносаралық қатынастар саласындағы проблемаларды зерттеу бойынша жаңа жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Олар жергілікті этникалық топтардың, этносаралық ксенофобия мен оны жеңу жолдарын зерттеу мәселелерін қозғайды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту жөніндегі перспективалар мен пайымды кешенді түрде белгілеу маңызды. Осыған байланысты этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың
жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажет, онда елдегі этносаралық саясаттың жаңа мақсаттары, міндеттері, басым бағыттары, іске асыру тетіктері мен күтілетін нәтижелері белгіленетін болады. ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, Ішкі саясат бөлімімен және Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығымен бірлесіп тұжырымдама жобасын дайындау үстінде. Ол үшін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты базасында мемлекеттік және қоғамдық ғылыми-талдау құрылымдарының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.
– ҚХА жұмысын мемлекеттік тілде жүргізу қалай жүзеге асып жатыр?
– Мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдерінің саны Қазақстанның оңтүстік өңірінде біршама басым. Мысалы, Түркістан облысындағы мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерінің саны – 5683, Жамбыл облысында – 1287, Қызылорда облысында – 1166. Ал, ең аз көрсеткіш Қостанай, СҚО, Ақтөбе облыстары бойынша байқалады. Өңірлерден жинақталған ақпарат бойынша мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдерінің жалпы саны 2019 жылы 9980 адамды құрады. Қазақстанның барлық өңірінде өткен мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жыл бойы 24870 іс-шара ұйымдастырылып, оларға 383 мың 690 бала тартылды. Нәтижесінде, осы жылы жоба 73 мың
472 баланың мемлекеттік тілді сапалы түрде оқуына және меңгеруіне ықпал етті. Жобаны алғаш қолға алған 2015 жылда мемлекеттік тілді 44 497 бала меңгерсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 2 есеге көбейген. Ал, «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы мен «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясының шеңберінде латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі қолданылып, қазақ тілінде өткен жылы жалпықазақстандық ашық диктантқа барлығы 523 724 адам қатысқан еді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Өткен жылдың аяғында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумының өткені
белгілі. Онда өзге этнос өкілдерінің тіл үйрену тәжірибесімен бөлісіп, қазақ тілін білу арқылы жетістікке жеткендерін айтып, оның аясын кеңейтуге қатысты ұсыныстарын ашық алаңда ортаға салды. «Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттың қазақ тілін – мемлекеттік тіл есебінде, ұлтаралық
тіл есебінде қолданатын кез жетті» деген пікір айтылды. Бұл форум ең біріншіден ҚХА-ға жүктелген тапсырмалардың қандай дәрежеде орындалып жатқанын, сонымен бірге түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді іс жүзінде қаншалықты меңгергенін нақты дәлелмен көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Ассамблея аясында мемлекет тілге және қазақтың салт-дәстүрін өзге этнос өкілдері арасында насихаттауға көңіл бөлініп келеді. ҚХА-ның «Қазақтану» жобасы негізінде түрлі аумақтарда жыл сайын лекторийлер өткізіледі, менің ойымша осы жұмыстар өз нәтижесін көрсете бастады. Жоба аясында қазақ халқының тарихын жаңғыртып, дәстүрлерін насихаттау бағытында да біраз шаралар жүргізілуде. Рухани жаңғыру, қазақ руханиятының жеті қыры Ассамблея жұмысының негізгі басымдықтары. Мәселен, биыл жастар жылына орай да арнайы жоспар жасалып, өрендерді тәрбиелеу, оларды рухани тұрғыда жетілдіру, тарихи санасын ояту тұрғысында іргелі жұмыстар атқарыла бастады. «Мұсылманшылық біртіндеп, кәпіршілік бірден келеді» деген ұғым бар. Әрбір жұмыстың іргетасы дұрыс қаланып, біртіндеп жүзеге асса берері мол болады. Осы ретте Ассамблеяның
жұмысы өз деңгейінде барынша жүйелі жүріп келеді. Оның нәтижесі қазір айқайлап тұрмағанымен, болашақ
өмірімізге жарқын ізін саларына кәміл сенемін.
Сөзімді тәмамдай келе, бауырмал қазақ халқының құшағында барша этностармен бірге достық пен келісімде
өмір сүріп келеміз. Бірлігіміз біздің ең басты байлығымыз, оны сақтай білуіміз керек. Ал, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Осы мерекеге байланысты тілейтінім бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымағы мен өзара ауызбірлігі нығайып, елімізде ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін! Бірінші мамыр халық бірлігі күні бәрімізге құтты болсын ағайын!
– Cұхбатыңызға рақмет.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

ОСОБЕННОСТИ НАЗНАЧЕНИЯ НАКАЗАНИЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ

ЮВЕНАЛЬНОЕ ПРАВОСУДИЕ ЯВЛЯЕТСЯ САМОЙ, ПОЖАЛУЙ, ЧУВСТВИТЕЛЬНОЙ СФЕРОЙ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ,...

КТО ЗАЩИЩАЕТ МАЛЫЙ И СРЕДНИЙ БИЗНЕС В КАЗАХСТАНЕ?

Сфера государственных закупок в Казахстане давно стала ассоциироваться с...